User manual

- Осы құралдың адапторын және зарядтайтын бөлігін ауыстыруға
болмайды. Егер адаптор немесе зарядтайтын бөлік зақымдалған
болса, құралды тастау керек.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құралды
пайдалану нұсқауларынсыз, мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі,
сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдардың (соның ішінде
балалар) бұл құралды қолдануына болмайды.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаңыз.

- Шаң сорғышты тек қоса берілген адаптормен және
зарядтаушымен ғана зарядтаңыз. Зарядталып жатқанда адаптор
қызып кетеді. Ол әдеттегі нәрсе.
- Зарядтайтын бөліктегі байланыс таспаларының вольтажы төмен
болғандықтан (ең көп дегенде12 вольт), ол қауіпті емес.
- Қолданып болған соң және зарядтамас бұрын, құралды
әрдайым өшіру керек.
- Шаңды сорып жатқанда, жұмыс жасап болған ауаны шығаратын
тесікшелерді жаппаңыз.
- Зарядтағанда, құралды өшіріңіз.
- Шаң сорғышты фильтр бөлігімен ғана қолданыңыз.
- Шу деңгейі: FC6053: Lc = 82 дБ [A]
- Шу деңгейі: FC6051: Lc = 80 дБ [A]
- Шу деңгейі: FC6050: Lc = 77 дБ (A)

Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты
барлық стандарттарға сай келеді. Дұрыс әрі осы пайдаланушы
нұсқаулығына сәйкес қолданылса, қазіргі кездегі белгілі ғылыми
дәлелдерге негізделе отырып, құрал қолдануға қауіпсіз деуге болады.


1 Зарядтағышты мына 2 әдістің біреуімен орнатыңыз:
1 Суретте көрсетілгендей, зарядтағышты қабырғаға
орнатыңыз (Cурет 2).
44