User manual

- Шаң сорғышты немесе зарядтайтын бөлікті суға батыруға
болмайды.

- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі
кернеуіне сәйкес келетінін тексеріп алыңыз.
- Егер штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзге бөлшектері
зақымданған болса, құралды пайдаланбаңыз.
- Осы құралдың адапторын және зарядтайтын бөлігін ауыстыруға
болмайды. Егер адаптор немесе зарядтайтын бөлік зақымдалған
болса, құралды тастау керек.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны
пайдалану нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті
шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз
адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.

- Зарядтаушы қондырғыны тазалар алдында адапторды қабырғадағы
розеткадан суырып алыңыз.
- Шаң сорғышты тек қоса берілген адаптормен және
зарядтаушымен ғана зарядтаңыз. Зарядталып жатқанда адаптор
қызып кетеді. Ол әдеттегі нәрсе.
- Құралды шаң жинайтын орнын жоғары қаратып ұстауға және
сұйықтықтарды сорып жатқанда құралды бір жағына қисайтуға
болмайды.
- Қолданып болғаннан кейін құралды өшіріп қойыңыз.
- Зарядтайтын бөліктегі байланыс таспаларының вольтажы төмен
болғандықтан (ең көп дегенде12 вольт), ол қауіпті емес.
- Шаңды сорғызып жатқанда, пайдаланылған ауаны шығаратын
тесіктерді жаппаңыз.
- Құралды қайта зарядтап жатқанда оны сөндіріп қойыңыз.
- Шаң сорғышты сүзгі бөлігімен ғана қолданыңыз.
- Құралды сұйықтықтарды сорып алуға қолданған болсаңыз, құралды
зарядтаушы қондырғыға қояр алдында шаң жинау орнын босатып,
кептіріп алыңыз.
80