User Manual


- Құралды қосар алдында, құралда көрсетілген кернеудің жергілікті
ток көзінің кернеуіне сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
- Егер құралдың шанышқысы, сымы немесе құралдың өзге бөлшегі
зақымдалса, құралды қолданбаңыз.
- Осы құралдың адапторын және зарядтайтын бөлігін ауыстыруға
болмайды. Егер адаптор немесе зарядтайтын бөлік зақымдалған
болса, құралды тастау керек.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе
құрылғыны пайдалану нұсқауларынсыз, мүмкіндігі мен ойлау
қабілеті шектеулі, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдардың
(соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолдануына болмайды.
- Балалардың құралмен ойнауына жол бермеңіз.

- Зарядтаушы қондырғыны тазалар алдында адапторды
қабырғадағы розеткадан суырып алыңыз.
- Шаң сорғышты тек қоса берілген адаптормен және
зарядтаушымен ғана зарядтаңыз. Зарядталып жатқанда адаптор
қызып кетеді. Ол әдеттегі нәрсе.
- Құралды шаң жинайтын орнын жоғары қаратып ұстауға және
сұйықтықтарды сорып жатқанда құралды бір жағына қисайтуға
болмайды.
- Құралды қолданып болғаннан соң, оны сөндіріңіз.
- Зарядтайтын бөліктегі байланыс таспаларының вольтажы төмен
болғандықтан (ең көп дегенде12 вольт), ол қауіпті емес.
- Шаңды сорып жатқанда, жұмыс жасап болған ауаны шығаратын
тесікшелерді жаппаңыз.
- Құралды қайта зарядтап жатқанда оны сөндіріп қойыңыз.
- Шаң сорғышты фильтр бөлігімен ғана қолданыңыз.
- Құралды сұйықтықтарды сорып алуға қолданған болсаңыз,
құралды зарядтаушы қондырғыға қояр алдында шаң жинау орнын
босатып, кептіріп алыңыз.
- Қабырғаға орнататын ұстағышқа арналған тесікшелерді дрельмен
жасап жатқанда, әсіресе ол қабырға розеткаларына жақын болса,
электр сандырағынан абай болыңыз.
- FC6144 шу деңгейі: Lc = 78 дБ
62