User Manual

2 Фильтір бөлігін шаң жинайтын орыннан алыңыз (Cурет 14).
3 Бос қолыңызбен шаң жинайтын орынды сілкіп,
босатыңыз (Cурет 15).
4 Егер қажет болса, шаң жинау орнын дымқыл шүберекпен
тазалаңыз.
5 Егер қажет болса, фильтр бөлігін тазалаңыз. «Фильтр бөлігін
тазалау (FC6144/FC6140)» тармағын қараңыз.
6 Шаң жинағыш орынды құралға қайтадан орнату үшін, шаң
жинағыш орынның тесікшелерін құралдың томпиып тұрған
бөлігіне келтіріңіз. Алдымен шаң жинағыш орынның астыңғы
жиегін құралға қойып, ал содан соң шаң жинағыш орынның
төбесінен ол сырт етіп орнына түскенше итеру арқылы
қайтадан орнатыңыз («сырт» ете түседі) (Cурет 16).

Фильтр бөлігін әрдайым тазалап тұру қажет.
1 Сыртқы фильтрді сағат бағытына қарсы бұраңыз (1) және оны
фильтр ұстағыштан алыңыз (2) (Cурет 17).
Ішкі фильтрді фильтр ұстағышта қалдырыңыз.
2 Егер ішкі және сыртқы фильтірлер кір болса, онда оларды
қылшақпен немесе әдеттегі шаң сорғышпен тазаласаңыз
болады.
Ескертпе: Қажет болса , ішкі және сыртқы сүзгілерді салқын немесе
жылы суда жууға болады. Сүзу бөлігін қайта қолданбас бұрын, ішкі
және сыртқы сүзгілерді жақсылап кептіріп алыңыз.
3 Сыртқы фильтрді қайтадан фильтр ұстағышқа салыңыз (1) енді
оны сағат бағытында бұраңыз (2). (Cурет 18)
4 Фильтір ұстағышын қайтадан шаң жинайтын орынға
қойыңыз (Cурет 19).
Ескертпе: Фильтр бөлігін дұрыс қойғаныңызды тексеріңіз.
66