User manual

Table Of Contents
қатар, шашыратқан сусабын мөлшеріне, температураға, ауа дымқылдығына және бөлменің
желдетілу деңгейіне байланысты болады.
- Көрініп тұратын саптамалар (екі тесігі бар саптама және қаптамалы саптама)
сізге кілеміңіздің немесе қатты еденіңіздің қаншалықты тазаланғанын көру мүмкіндігін
береді. Ол үшін әшейін ғана жиналып жатқан қоспаның түсін көрсеңіз болады.

- Қатты едендерге арналған екі тесігі бар 3- мақсатты «басу» адапторында сізге таныс үш
тазалау аспабы болады: (Cурет 40)
 Еденге жабысып қалған кірді тазалауға арналған қылшық;
 Сусабынды шашырату, тарату және сүртіп алуға арналған ысқыш;
 Соруға мүмкіндік беретін, еденнен сусабынды сығып алатын швабра.
1 Екі тесігі бар сусабынға арналған саптамаға қатты едендерге арналған адапторды сырт
еткізіп кигізіңіз (Cурет 41).
2 Есіктен ең алыс жерден бастап, жұмысыңызды есікке қарай жасаңыз.
3 Құбыр сабындағы шүріппені қысып, сусабынды шашыратыңыз. Тиімді қырып тазалау
үшін, әдеттегі шаң сорғышпен жұмыс жасағандай етіп, ары-бері қозғалыстар жасаңыз.
Әдетте сусабынды саптамамен алға қарай қозғалыс жасағанда шашыратқан
жөн (Cурет 42).
Ескертпе: Тым ұзын қозғалыстар жасамаңыз.
4 Еденді кептіру үшін, саптаманы артқа қарай ақырын қозғаңыз. Сығып алатын швабра
ғана еденге тиетін болсын, және сусабынды шашыратпаңыз (Cурет 43).
5 Сусабынды тиімді түрде жинап алу үшін, бірінің үстінен бірі өтетін қозғалыстар жасап,
артынан үстінен суретте көрсетілгендей етіп, соңғы бір қозғалыс жасаңыз. (Cурет 44)
6 Сусабынды шашып болғаннан соң, шүріппені босатып, сорғышты сөндіру үшін, сусабын
сорғышын қосу/өшіру түймесін басыңыз. Құрал қосылып тұрсын (Cурет 38).
7 Саптаманы еденнен көтеріңіз. Содан соң құралды біршама уақыт бойы құрғақ ауаны
сорғызыңыз, сонда сорғыш шланг пен құбыр іші кебеді (Cурет 39).
8 Құралды сөндіру үшін, моторды қосу/өшіру түймесін басыңыз.

Қапталған саптама сізге жиһазды, гобеленді және перделерді сусабынмен тазалау мүмкіндігін
береді.
1 Қапталған саптаманы тікелей сабына қосыңыз (Cурет 45).
2 Едендерді сусабынмен тазлағандай етіп маталарды да тазаласаңыз болады. (Cурет 46)

1 Құралды сөндіру үшін, моторды қосу/өшіру түймесін басыңыз.
2 Штепсельді розеткадан ағытыңыз.
3 Құралдың барлық бөлшектерін, және ыдысты, дымқыл шүберекпен сүртсеңіз болады.
Мотор блогына суды енгіздірмеңіз!

1 Ыдысты тазалап, кептіріп алыңыз.
2 Құралды біршама уақыт бойы құрғақ ауаны сорғызыңыз, сонда сорғыш шланг пен құбыр
іші кебеді.
 73