User manual

- Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалаңыз.
- Шлангты, түтікті немесе басқа бөлшекті көзге, құлаққа бағыттамаңыз, сондай-ақ шаңсорғыш
қосулы, ал шланг шаңсорғышқа жалғаулы болғанда, ауызға салмаңыз.

- Құралды пайдаланып, күлді, топырақтың ұсақ түйіршіктерін, әкті, цемент шаңын және
осыған ұқсас заттарды сорғызғанда, сүзгі цилиндрінің тесіктері бітеліп қалады. Сору қуаты
қатты төмендеген болса, сүзгі цилиндрін тазалаңыз.
- Сүзгі цилиндрі болмаса, құралды пайдаланбаңыз. Бұл моторға зақым келтіріп, құралдың
жұмыс мерзімін қысқартады.
- Шаң контейнері дұрыс орнатылмаса, құрал істемейді.
- Шу деңгейі: Lc= 84 дБ (A)

Осы Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сай
келеді. Дұрыс әрі осы пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес қолданылса, қазіргі кездегі белгілі
ғылыми дәлелдерге негізделе отырып, құрал қолдануға қауіпсіз деуге болады.

Пластикалық сақтау контейнеріндегі жапсырмаларды алып тастауға болады (тек белгілі
түрлерде).


1 Шлангты жалғау үшін, оны құралға салып (1), сағат тілімен бұраңыз (2) (Cурет 2).
Шлангты шешу үшін, сағат тіліне қарсы бұрап, құралдан тартып шығарыңыз.

1 Түтік бөлшектерін бір-біріне жалғау үшін, енсіз жағын енді жағына салып, біраз
бұрыңыз (Cурет 3).
2 Түтікті шлангтағы тұтқаға жалғау үшін, енсіз жағын енді жағына салып, біраз бұрыңыз (C
урет 4).
- Түтікті немесе түтік бөлшектерін ажырату үшін, тартып, біраз бұрыңыз.
- Қосымша бөлшектерді жалғау немесе ажырату үшін, осы тәсілді қолданыңыз.

1 Телескопиялық түтік бөлшегіндегі серіппелі бекіту түймесін басып, бекіту түймесін
басқа түтік бөлшегіндегі тесікке сырғытып салыңыз.
2 Телескопиялық түтік бөлшегін шлангтың тұтқасына жалғау үшін, енсіз жағын енді
жағына салып, біраз бұрыңыз.
- Түтікті ажырату үшін, тартып, біраз бұрыңыз.
- Қосымша бөлшектерді жалғау немесе ажырату үшін, осы тәсілді қолданыңыз.
3 Шаңды сорғызып жатқанда, телескопиялық түтікті ең ыңғайлы ұзындыққа келтіріп алың
ыз. Түтіктегі сырғытпаны жоғары қарай, ал түтіктің төменгі бөлігін төмен қарай басыңыз
немесе жоғары қарай тартыңыз (Cурет 5).

Құрама саптаманы пайдаланып, кілемдерді (щетка қатарын ішіне кіргізіп) немесе қатты еденді
(щетка қатарын сыртқа шығарып) тазалауға болады.
 37