operation manual

Тазалау уақыты түймесін пайдалану
-
Роботты қайта зарядталатын батареясының заряды азайғанша, авто
тазалау режимінде тазалаттыру үшін ең көп тазалау уақыты түймесін
басыңыз. Тазалауды аяқтағанда, қондырма станциядан іске қосылған
болса, робот қондырма станцияға автоматты түрде оралады. Егер робот
бөлмедегі басқа жерден іске қосылған болса, қондырма станцияға қайта
жіберу үшін қондырма станцияға қою түймесін басыңыз.
-
Басқа тазалау уақыты түймелері сізге роботқа сәйкесінше 60, 45 және 30
минут бойы жұмыс істетуге мүмкіндік береді. Тазалау уақыты
аяқталғанда, қондырма станциядан іске қосылған болса, робот қондырма
станцияға автоматты түрде оралады. Егер робот бөлмедегі басқа жерден
іске қосылған болса, қондырма станцияға қайта жіберу үшін қондырма
станцияға қою түймесін басыңыз.
Қондырма станциясын басқару
Сағат уақыты мен күнді орнату
Тазалау бағдарламаларын пайдаланғыңыз келсе, алдымен қондырма
станция дисплейінде сағат уақыты мен апта күнін орнату керек.
Ескертпе: Төмендегі қадамдарға жататын суреттер үшін осы нұсқаулықтың
артындағы беттерді қараңыз.
1 Орнату түймесін басыңыз. Орнатылған режим индикаторы және сағат
уақытының индикаторы жыпылықтай бастайды.
2 Таңдау түймесін бір рет басыңыз. Сағат көрсеткіші жыпылықтай
бастайды.
3 Сағатты орнату үшін қондырма станциядағы + және - түймелерін
басыңыз. Орнатылған сағат дисплейде көрсетіледі.
4 Орнатылған сағатты растау үшін таңдау түймесін басыңыз. Енді минут
көрсеткіші жыпылықтай бастайды.
5 Минут орнату үшін қондырма станциядағы + жәнетүймелерін
пайдаланыңыз. Дисплейде орнатылған минут пайда болады.
6 Орнатылған минутты растау үшін таңдау түймесін басыңыз. Жексенбі
үшін «Su» көрсеткіші жыпылықтай бастайды.
7 Аптаның ағымдағы күнін орнату үшін қондырма станциядағы + және -
түймелерін пайдаланыңыз.
8 Апта күнін растау үшін таңдау түймесін басыңыз.
9 Апта параметрінің сағат уақыты пен күнді растау үшін орнату түймесін
басыңыз. Орнатылған режим индикаторы және сағат уақыты
индикаторының жыпылықтауы тоқтап, тұрақты жанады.
94
Қазақша