Owner's Manual



1 Су ыдысының қақпағын бұрап ашып, су ыдысын MAX (ЕҢ ЖОҒ.)
көрсеткішіне дейін толтырыңыз

Құрал құбыр суын қолданатын етіп жасалған. Егер кермек су аймағында
тұрсаңыз, қақ жылдам пайда болуы мүмкін. Сондықтан, құралдың қызмет
мерзімін ұзарту үшін дистильденген немесе минералсызданған суды
пайдалану ұсынылады.
Ескертпе: Су ыдысына иіссуды, сірке суын, крахмалды, қақ кетіру
заттарын, үтіктеуге көмектесетін сұйықтықтарды немесе басқа
химиялық заттарды салмаңыз, өйткені жабдық бұл химиялық заттармен
жұмыс істеуге арналмаған.

1 Құралды жерге қосылған қабырға розеткасына қосыңыз. SmartLight
шамы көк болып жыпылықтап, үтіктің қызып жатқанын көрсетеді.
2 Үтік пайдалануға дайын болғанда SmartLight шамы тұрақты түрде
көк болып жанады.
Ескертпе: SmartLight шамы көк түсті емес, сары болса, бұл 
 функциясын орындау қажеттігін ескертеді. «Тазалау және
күтім жасау» тарауындағы « функциясын пайдалану»
бөлімін қараңыз.

OptimalTemp технологиясы үтіктеуге болатын бүкіл мата түрлерін
температура параметрін реттеместен кез келген ретте үтіктеуге
мүмкіндік береді.
- Мына белгілері бар маталарды, мысалы, зығыр, мақта-мата,
полиэстер, жібек, жүн, вискоза және жасанды жібекті үтіктеуге
болады.
- Мына белгісі бар маталарды үтіктеуге болмайды. Бұл маталардың
құрамында спандекс немесе эластан, спандекс аралас талшықтар
және полиолефиндер (мысалы, полипропилен) сияқты синтетикалық
талшықтар бар. Сондай-ақ, басылған суреті бар маталарды да
үтіктеуге болмайды.
- 
32
4239_000_8858_1_Luxury booklet_A5_V3.indd 32 5/30/13 11:46 AM