operation manual

51
Қазақша
Автоматты түрде өшу
- Құрылғы 15 минут бойы қолданылмаса, күту режиміне өтеді. «Үтік дайын» жарығы жыпылықтай бастайды.
- Құрылғыны қайта белсендіру үшін, бу триггерін басыңыз. Құрылғы қайта жылына бастайды.
- Егер құрылғы күту режиміне өткеннен кейін 10 минут пайдаланылмаса, ол автоматты түрде өшеді. «Үтік дайын»
шамы сөнеді.
Ескерту: құрал тоққа қосылып тұрғанда, оны бағалаусыз қалдыруға болмайды. Қолданып
болған соң, құрылғыны міндетті түрде розеткадан ажыратыңыз.
Тазалау және күту
Зерделі Calc-clean жүйесі
Құралда жиі қақты кетіріп, тазалауды қамтамасыз ететін зерделі қақ тазалау жүйесі бар. Бұл буды қаттырақ шығаруға
және уақыт өте келе үтік табанынан кір мен дақтардың ақпауына көмектеседі. Тазалау процесінің орындалғанына
сенімді болу үшін, бу генераторы әдетте еске салып отырады.
Дыбыспен және шаммен қақ тазалау еске салғышы
1-3 ай пайдаланудан кейін қақ тазалау шамы жыпылықтай бастайды және құрылғы қақ тазалау процесін орындау
қажет екенін көрсету үшін дыбыстық сигнал шығара бастайды (10-сурет).
Бұдан басқа құрылғыда қақ жиналмауы үшін, екінші қорғау әрекеті біріктірілген: қақты кетіру орындалмаса, бу шығару
функциясы өшіріледі (11-сурет). Қақ тазарту орындалғаннан кейін бу шығару функциясы қалпына келтіріледі. Бұл
қолданылған су түріне қарамастан орындалады.
Ескертпе: қақ тазалау процесі кез келген уақытта орындалуы мүмкін, тіпті дыбыс және шам еске салғышы
белсендірілмеген кезде.
Қақ тазалау ыдысының көмегімен қақ тазалау процесін орындау
Ескерту: қақ тазалау процесі кезінде құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз.
Абайлаңыз: қақ тазалау ыдысының көмегімен қақ тазалау процесін үнемі орындаңыз. Үтікті қақ тазалау
ыдысынан көтеру арқылы процесті үзбеңіз, өйткені табаннан ыстық су мен бу шығады.
1 Су ыдысын жартылай толтырыңыз (12-сурет).
Ескертпе: қақ тазалау процесі кезінде құрылғы тоққа қосылып тұрғанын және ҚОСУ күйінде екенін тексеріңіз.
2 Қақ тазалау ыдысын үтіктеу тақтасына немесе кез келген басқа тегіс, тұрақты жерге қойыңыз (13-сурет).
3 Үтікті қақ тазалау ыдысына қозғалмайтын етіп қойыңыз (14-сурет).
4 Қысқа дыбыстық сигналдарды естігенше CALC-CLEAN (Қақ тазалау) түймесін 2 секунд басып тұрыңыз
(15-сурет).
Ескертпе: қақ тазалау ыдысы қақ тазалау процесінің барысында қақ бөлшектерін және ыстық суды жинауға
арналған. Бүкіл процесс барысында үтікті осы ыдысқа қою мүлде қауіпсіз.
5 Қақ тазалау процесі кезінде қысқа дыбыстық сигналдарды және соратын дыбысты естисіз (16-сурет).
6 Процесс аяқталғанша, шамамен 2 минуттай күтіңіз (17-сурет). Қақ тазалау процесі аяқталған кезде үтік дыбыстық
сигнал шығаруды тоқтатады және CALC-CLEAN (Қақ тазалау) шамы жыпылықтауды қояды.
7 Үтікті шүберекпен сүртіп алып, негізге қойыңыз (18-сурет).