User manual

Қазақша
Кіріспе
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош
келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді
www.philips.com/welcome торабында тіркеңіз.
Құралды пайдаланбастан бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын, маңызды
ақпарат парақшасын және жылдам бастау нұсқаулығын мұқият оқып
шығыңыз. Келешекте қарау үшін оларды сақтап қойыңыз.
Philips компаниясының ерекше технологиясы
OptimalTemp технологиясы
OptimalTemp технологиясы үтіктеуге болатын бүкіл мата түрлерін үтік
температурасын реттеусіз және киімдерді сұрыптаусыз кез келген ретте
үтіктеуге мүмкіндік береді.
Ыстық табаны кері үтік түпқоймасына қоймай тікелей үтіктеу тақтасына
қойған дұрыс. Бұл білектегі қысымды азайтуға көмектеседі.
The Woolmark Company Pty Ltd компаниясы бұл үтікті тек жүннен жасалған
өнімдерді үтіктеуге қолдануды бекіткен. Тек киімді киім жапсырмасындағы
және осы үтік өндірушісінің нұсқауларына сай үтіктеу керек. R1602.
Ұлыбританияда, Ирландияда, Гонконгта және Үндістанда «Woolmark»
сауда белгісі сертификатталған сауда белгісі болып табылады.
Compact ProVelocity технологиясы
Бұл технология бүктеліп қалған қыртыстарды жеңіл кетіру үшін терең енетін
үздіксіз буды жеткізеді. Дәл сол уақытта оңай сақтай алу үшін құралды
дәстүрлі бу генераторларына қарағанда барынша ықшам және жеңіл күйде
сақтайды.
Өнімге жалпы шолу (1-сурет)
1 Су жеткізу шлангісі
2 Бу шығарғыш/буды күшейту
3 «Үтік дайын» жарығы
4 Үтіктің табаны
5 Үтіктің түпқоймасы
6 Тасымалдау бекітпесін босату түймесі
7 Алынбалы су ыдысы
8 Су жеткізу шлангісін сақтау орны
9 Штепсельдік ұшы бар қуат сымы
10 Шамы бар ҚАҚ ТАЗАЛАУ түймесі
43
Қазақша