User manual

8 Қақ тазалау процесі кезінде қақ тазалау ыдысы ыстық болатындықтан
оны ұстамас бұрын шамамен 5 минуттай күте тұрыңыз. Одан кейін қақ
тазалау ыдысын шұңғылшаға апарып төгіңіз де, кейін тағы пайдалану
үшін сақтап қойыңыз.
9 Қажет болғанда 1–8 қадамдарын қайталауға болады. Қақ тазалау
процесін бастамай тұрып қақ тазалау ыдысын босатыңыз.
Ескерту: Қақ тазалау процесінің барысында үтік ішінде қақ жиналмаған
болса, табаннан таза су шығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
Қақ тазалау процесін орындау әдісі туралы ақпарат үшін келесі сілтеме
бойынша бейнелерді қараңыз: http://www.philips.com/descaling-iron.
Үтік табанын тазалау
Құралды дұрыс сақтау үшін оны әрдайым тазалап тұрыңыз.
1 Құралды дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
2 Дақтарды оңай және тиімді түрде кетіру үшін, үтіктің табанын қыздырып,
ылғал шүберекке ысқылаңыз.
Кеңес: Тегіс сырғуды қамтамасыз ету үшін үтіктің табанын кезеңді түрді
тазалаңыз.
Сақтау
1 Бу генераторын өшіріп, ток көзінен ажыратыңыз.
2 Бу ыдысындағы суды шұңғылшаға төгіңіз.
3 Су жеткізу шлангісін бүгіңіз. Су жеткізу шлангісін су жеткізу шлангісі
сақталатын бөлімнің ішіне орап, оны сақтау ілмегімен бекітіңіз.
51
Қазақша