User manual

49

Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін, өніміңізді www.philips.com/
welcome веб-торабында тіркеңіз.
Осы пайдаланушы нұсқаулығында шайнекті ұзағынан рақаттанып пайдалану үшін қажетті
ақпараттың барлығы берілген.

Қақпақ
B Ыстық сусын белгілері
C Қақпақ (сарғыш қоңыр түсті үлгі)
D Ыстық сусын белгілері (сарғыш қоңыр түсті үлгі)
E Үш әрекетті қақтан тазалау сүзгісі
F Тот баспайтын болаттан жасалған тор
G Шүмек
H Сүзгі ұстағышы
I Басқару панелі
J Су деңгейінің көрсеткіші
Табан
L Температура шамдары (сарғыш қоңыр түсті үлгі)
M Температура шамдары
N KEEP WARM («Жылы сақтау») түймесі
O SET TEMP («Температураны орнату») түймесі
P Қосу/өшіру түймесі
Q Штепсельдік ұш
R Сым орағышы
Ескертпе. шайнектегі су деңгейінің көрсеткіштері суреттегіден басқаша болуы мүмкін.

Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.

- Құралды немесе оның табанын суға немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз.

- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріп алыңыз.
- Штепсельдік ұшы, тоқ сымы, табаны немесе өзі зақымданған болса, құралды қолданбаңыз.
- Ток сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек Philips қызмет көрсету
орталығында, Philips ұсынған қызмет көрсету орталығында немесе тиісті білімі бар
мамандар алмастыру керек.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану
нұсқауларынсыз, мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз
адамдардың (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолдануына болмайды.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
- Тоқ сымын балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз. Құрал тұрған беттің немесе
үстелдің шетінен тоқ сымы салбырап тұрмауы тиіс. Артық тоқ сымын құралдың ішінде
сақтауға немесе құралдың табанына орап қоюға болады.
- Құралды қоршалған бетке қоймаңыз (мысалы, ыдыс науасы). Су шайнектің астына жиналып,
қауіпті жағдай туғызуы мүмкін.
