User manual

- Ыстық су ауыр күйік жараларына апаруы мүмкін. Шайнектің ішінде ыстық су болғанда, абай
болыңыз.
- Қолданып жатқанда және қолданып болған соң, шайнекті біраз уақыт ұстамаңыз. Ол тым
қатты қызып кетеді. Шайнекті тек тұтқасынан ұстап көтеріңіз.
- Шайнекке суды ең жоғары деңгейінен асырып құймаңыз. Егер шайнек қатты толып кетсе,
қайнаған су шүмегінен тасып, күйік жарасына апаруы мүмкін.
- Су қайнап жатқанда, қақпақты ашпаңыз. Су қайнап болғанда, қақпақты абайлап ашыңыз.
Шайнектен шығатын бу өте ыстық болады.
- Осы тез қайнайтын шайнек үйдегі қуат көзінен токтың 13 амперге дейінгі шамасын
тұтынады. Сондықтан үйдегі электр жүйесі және осы шайнек қосылған тоқ тізбегі қуаттың
осындай деңгейін қамтамасыз етіңіз. Қолданыстағы шайнек жалғанған тоқ тізбегіне басқа
тым көп құралдарды қоспаңыз.
- Шайнекті тек өзінің түпнұсқа табанымен ғана қолданыңыз.

- Шайнекті және оның табанын әрдайым құрғақ, тегіс және тұрақты бетке қойыңыз.
- Шайнек тек суды ысытуға және қайнатуға арналған. Онымен сорпаны немесе басқа
сұйықтықты, сондай-ақ, банкаға, шишаға салынған немесе консервіленген тамақты ысыту
үшін пайдаланбаңыз.
- Сусыз қайнатпау үшін, шайнекке кемінде 0,5 л су құйыңыз.
- Тұратын жеріңіздегі судың қаттылығына байланысты, қолдана келе шайнектің қыздыратын
элементінде кішкене дақтар пайда болуы мүмкін. Бұл құбылыс — қыздыратын элементте
және шайнектің ішкі жағында пайда болатын қақтың әсері. Су неғұрлым қатты болса, қақ та
соғұрлым тез жиналады. Қақтың түсі әртүрлі болуы мүмкін. Ол ешқандай зиян
келтірмегенімен, шайнектің жалпы жұмысына әсерін тигізуі мүмкін. «Тазалау және қақты
кетіру» тарауында берілген нұсқаулар бойынша шайнекті қақтан жиі тазалап отырыңыз.
- Шайнектің табанында бу пайда болуы мүмкін. Бұл қалыпты нәрсе және шайнектің ақаулы
екенін білдірмейді.
- Температураны орнату құлағына су кіріп кетпеу керек.
- Бұл құрал үй ішінде және келесі орындарда қолдануға арналған:
1 дүкендегі, кеңседегі және басқа да жұмыс орындарындағы қызметкерлерге арналған
асханалар;
2 фермалар;
3 қонақ үйлер, мотельдер және басқа да тұрғын орындары;
4 жатақ пен таңғы ас берілетін жерлер.
- Бұл құрал коммерциялық немесе ғылыми мақсатта қолдану үшін мөлшерленбеген.
Температура 5°C төмен немесе жоғары болуы мүмкін, бірақ шайдың барлық түрлерін,
басқа да ыстық сусындарды қайнату температурасының диапазонынан шықпайды.

Осы шайнектің сусыз қайнатудан қорғау функциясы бар. Суы жоқ немесе аз құйылған шайнек
байқаусызда қосылса, бұл функция оны автоматты түрде өшіреді. Қосу/өшіру
қосқышы «өшірулі» күйіне келіп, қуат шамы сөнеді. Шайнек суығанша, 10 минуттай күтіңіз.
Содан соң, сусыз қайнатудан қорғау функциясын қалпына келтіру үшін, шайнекті табанынан
көтеріңіз. Шайнек қайта пайдалануға дайын болады.

Бұл Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми
дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз.

1 Барболса,шайнектегінемесеоныңтабанындағыжапсырмалардыалыптастаңыз.
50