User manual

3 Бөлек алынатын бөлшектерін ыстық суда біраз тазалағыш сұйықтықпен немесе ыдыс
жуғышта тазалауға болады.
4 Суға арналған сыйымдылықтың су шығатын жеріндегі орналасқан резеңкені ай сайын
және қаспақтан тазалаған сайын тазалаңыз (Cурет 17).
Құралды қайтадан қолданар алдында, оны орнына қоюды ұмытпаңыз.
Суға арналған құманда ыстық су бар болса, құманның су шығатын жеріндегі орналасқан
резеңкені шығаруға болмайды.

Қаспақты әрдайым тазалап отырсаңыз, құралыңыз сізге ұзағынан қызмет етіп, өте жақсы кофе
қайнату нәтижесін қамтамасыз ететін болады.
Әдеттегі қолдану барысында (күніне екі рет кофе демдеу), кофе жасағышыңызды қаспақтан
тазалап тұрыңыз:
- егер жұмсақ немесе фильтрленген су қолданатын болсаңыз (18dH ке дейін); екі ай сайын;
- егер қатты су қолданатын болсаңыз (18dHден артық); ай сайын.
Өз аумағыңыздағы судың қаттылығын анықтау үшін жергілікті су қамтамасыз ететін
мекемеден сұраңыз.
1 Су ыдысына 0,8 литр сірке суын құйыңыз (4% сірке суы). Фильтрді және тартылған
кофені фильтр ұстағышқа салмаңыз.
2 Құрады қосыңыз және толық бір қайнату циклын жасаңыз.
Ескертпе: Құралда ешқандай қақ қалмағанына сенімді болып, қақтан толығымен тазалау үшін,
1 және 2 қадамдарды қайталаңыз. Бірінші рет тазалаған кездегі сірке суын қайта қолдануға
болады.
3 Қаспақтан тазалау және қаспақ қалдықтарын алып тастау үшін, құралға таза су құйып екі
рет демдеу цикілін жасап өтіңіз.
4 Фильтр ұстағышын және ыдысты тазалаңыз («тазалау» тармағын оқыңыз).
Ескертпе: Сонымен қатар, қолайлы сұйық қақ кетіру құралын қолдануға болады. Мұндай
жағдайда, қақ кетіргіш орамасында жазылған нұсқауды орындаңыз. Ұнтақты қақ кетіргішті
немесе қақтан тазалау таблеткаларды қолданбаңыз.

Сіздің құмыраңыз сынып қалды немесе сіз қосымша құмыра сатып алғыңыз келеді?
Сіз өзіңіздің жергілікті Philips диллерінен немесе Philips қызмет орталығынан HD7919 түріне
арналған жаңа шыны құманына тапсырыс бере аласыз.

- Құрылғыны өз қызметін көрсетіп тозғаннан кейін, күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға
болмайды. Оның орнына бұл құрылғыны арнайы жинап алатын жерге қайта өңдеу
мақсатына өткізіңіз. Сонда сіз қоршаған ортаны қорғауға себебіңізді тигізесіз. (Cурет 18)

Егер көмек немесе ақпарат керек болса, не болмаса сізде шешілмеген мәселе болса, Philips
компаниясының www.philips.com веб-сайтына кіріңіз немесе өз еліңіздегі Philips Тұтынушылар
орталығына хабарласыңыз (ол нөмірді сіз дүние жүзі бойынша берілетін кепілдік кітапшасынан
табасыз). Еліңізде Тұтынушылар орталығы жоқ болған жағдайда жергілікті Philips дилерімен
байланысыңыз.
 39