User Manual

7 Сүзгіш ұстағышты жабыңыз (Cурет 6).
8 Құманды қызатын бетке қойыңыз (Cурет 7).
Құманның қақпағы орнында тұрғанын тексеріңіз. Құманның қақпағы болмаса, тамшылап
ағуды тоқтату функциясы (осы тармақтың «Тамшылап ағуды тоқтату функциясы» бөлімін
қараңыз) автоматты түрде қосылады.
9 Құралды қосу үшін оның қосу/өшіру түймесін басыңыз (Cурет 8).
10 Барлық су фильтір арқылы өтіп болғанда, құманды құралдан алуыңызға болады (Cурет 9).
11 Кофенің қажетті мөлшерін құйып алғаннан соң, қалған кофені ыдысымен ыстық табанға
қайта қойыңыз, сонда кофеңіз ыстық болып тұрады (Cурет 10).
- Дегенмен, ең жақсы дәмді кофені жаңа ғана демдеп ішсеңіз аласыз (Cурет 11).
Кеңес: Қайнап біткен соң, температурасы мен дәмін сақтау үшін ыстық кофені термосқа
құйып қоюға болады.

Тамшылап ағуды тоқтату функциясы құманды кофе қайнатқыштан қайнату аяқталғанға дейін
алып тастауға мүмкіндік береді. Құманды алып тастаған кезде тамшылап ағуды тоқтату
кофенің құманға ағуын тоқтатады.
Ескертпе: Құманды алып тастаған кезде қайнату процесі аяқталмайды. Тасып кетуді
болдырмас үшін, құманды орнына тез арада қайтадан қойыңыз.
Ескертпе: Құманды ыстық табаққа қойған кезде оның қақпағы болуы керек. Құманның қақпағы
болмаса, тамшылап ағуды тоқтату функциясы автоматты түрде қосылады.

1 Фильтр ұстағыш демеушісін ашыңыз (Cурет 12).
2 Фильтр ұстағышы мен фильтірді фильтір ұстағыш демеушісінен шығарыңыз (Cурет 13).
3 Қолданылған қағаз фильтірді ішіндегі кофе қалдықтарымен қоса тастаңыз (Cурет 14).
4 Құралды сөндіріңіз. (Cурет 15)

Егер тағы бір құман кофені бірден жасау керек болса, онда құралды сөндіріп, 3 минуттай
суытып қойыңыз. Су ыдысын қайтадан толтырып, жаңа кофе мөлшерін жаңа қағаз фильтріне
салыңыз. Енді қунақы кофені қайтадан жасауға болады.
Ескертпе: Егер сіз қайта демдеу алдында, құралды 3 минуттай суытып қоймасаңыз, фильтр
ұстағышына су бірден тамшылай бастайды.
- Алғашқы су мөлшерін жабылғының ортасында орналасқан температура сенсоры деңгейіне
шейін құйыңыз (Cурет 16).
Сіз осылай жасағанда, су құманының астыңғы жағындағы тесікшесі қайтадан жабылады.

Құралды немесе тоқ сымын суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға болмайды.
Қырғыш жөке, қырғыш тазалағыш құралдарды немесе жанар май немесе ацетон тәріздес
агрессивті сұйықтықтарды құралды тазалау үшін қолдануға болмайды.
1 Құралды өшіріп, розеткадан ажыратыңыз.
2 Құралдың сыртын сулы шүберекпен сүртіп тазалаңыз.
38