operation manual

-
Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалаған жөн.
-
Кофе тартқышқа саусақтар немесе басқа нысандар ешқашан салмаңыз.
-
Осы құрылғы тек қалыпты тұрмыстық қолданысқа арналған. Ол
дүкендердің, кеңселердің, фермалардың немесе басқа жұмыс
орталарының қызметкерлердің ас үйлері сияқты орталарда пайдалануға
арналмаған.
-
Құрылғыны әрқашан тегіс және тұрақты бетке қойыңыз. Оны тасымалдау
кезінде де тік күйде ұстаңыз.
-
Құрылғыны плиткаға, не болмаса ыстық духовканың, жылытқыштың
немесе ұқсас жылу көзінің тікелей жанына қоймаңыз.
-
Дән ыдысына тек қуырылған кофе дәндерін салыңыз. Егер ұнтақталған
кофе, тез еритін кофе, өңделмеген кофе дәндері немесе басқа зат кофе
дәні ыдысына салынса, бұл құрылғының зақымына себеп болуы мүмкін.
-
Кез келген бөліктерді салу немесе шығару алдында құрылғыны
суытыңыз. Қыздыру беттерінде пайдаланудан кейін қалдық қызу болады.
-
Су ыдысын жылы, ыстық немесе көпіршіген сумен ешқашан
толтырмаңыз, өйткені бұл су ыдысын және құрылғыны зақымдауы мүмкін.
-
Құрылғыны тазалағанда ешқашан қырғыш шүберек пен тазалағыш
агенттерді немесе жанармай мен ацетон сияқты агрессивті
сұйықтықтарды қолданбаңыз. Сумен суланған жұмсақ матаны
пайдаланыңыз.
-
Құрылғының қағын жүйелі түрде түсіріңіз. Құрылғы қағын түсіру керектігін
көрсетеді. Бұлай істемеу құрылғының дұрыс жұмыс істеуін тоқтатады.
Бұндай жағдайда жөндеу жұмысы кепілдікпен қамтылмайды.
-
Құрылғыны 0°C-тан төмен температураларда сақтамаңыз. Жылыту
жүйесінде қалған су қатып, зақым тудыруы мүмкін.
-
Құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмаған кезде су ыдысында су
қалдырмаңыз. Су ластануы мүмкін. Құрылғыны пайдаланған сайын таза
су пайдаланыңыз.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Бұл Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық
қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Құрылғыға шолу (1-сурет)
1 Басқару тақтасы
2 Бу/сүт тазалау белгішесі
3 Басқару дискісі
4 Кофе дәні белгішелері
5 Эспрессо түймесі (Ескертпе функциясы)
6 Капучино түймесі (Ескертпе функциясы)
7 Ыстық су белгішесі
8 Қақтан тазалау жарығы
9 Ескерту жарығы
10 2 шыны/ескертпе шамы
11 Су ыдысы бос шамы
12 Шамы бар қосу/өшіру түймесі
13 Қорғағыш тұтқасы бар ыстық су/бу түтікшесі
14 Су ыдысы
15 Кофе құю шүмегі
66
Қазақша