operation manual

10 Қайнату құралы бағыттағыштар бойымен орнына «сырт» етіп түскенше
құрылғыға сырғытыңыз.
Ескерту: PUSH түймесін баспаңыз.
11 Қызмет көрсету есігін жабыңыз.
12 Тартылған кофе ыдысын құрылғыға сырғытыңыз.
Майлау
Құрылғының оңтайлы өнімділігі үшін қайнату құралын майлау керек. Майлау
жиілігі үшін төмендегі кестені көріңіз. Қолдау көрсетілімі үшін веб-торапқа
кіріңіз: www.philips.com/support.
Пайдалану түрі
Күнделікті өнімдер саны Майлау жиілігі
Төмен 1-5 4 ай сайын
Қалыпты 6-10 2 ай сайын
Ауыр >10 Ай сайын
1 Құрылғыны өшіріп, розеткадан ажыратыңыз.
2 Қайнату құралын алып, «Қайнату құралын ай сайын тазалау» бөлімінде
сипатталғандай жылы ағын суда шайыңыз.
3 Қайнату құралының төменгі жағындағы білікке майдың жіңішке қабатын
жағыңыз.
80
Қазақша