Manual


1 Ашаны қабырғадағы розеткаға қосыңыз.
, Дисплей және басқару тұтқасының айналасындағы жарық
шеңбері жанады.
2 Бумен пісірілетін тамақтың түріне қарай, басқару тұтқасын алдын
ала орнатылған бумен пісіру режиміне қойыңыз.
, Алдын ала орнатылған пісіру уақыты дисплейде көрсетіледі.
Алдын ала орнатылған режимдердің уақыттарын және кеңестерді
«Тамақ кестесі және бумен пісіру кеңестері» тарауынан қараңыз.
Ескертпе: Басқару тұтқасындағы алдын ала орнатылған уақыттардан
басқа уақытты қою керек болса, керекті уақытқа ең жақын келетін
бумен пісіру режимін таңдаңыз. Одан кейін, бумен пісіру уақытын
арттыру немесе азайту үшін, таймердің «+» және «-» түймелерін
басыңыз.
3 START/STOP («ҚОСУ/ӨШІРУ») түймесін басыңыз.
, Бумен пісіру процессі басталып, таймер уақытты кері қарай санай
бастайды.
, Бумен пісірудің алғашқы 5 минутында, Turbo («Турбо») режимінің
жарығы жанып тұрады. Бұл бумен пісіргіштің Turbo («Турбо»)
режимінің қосымша қуатын тез қыздырып алу үшін пайдаланып
жатқанын білдіреді. Осы алғашқы 5 минут ішінде Turbo («Турбо»)
режимін өшіруге болмайды.
- Көп мөлшерде тамақ пісірген кезде, тамақ пісіру уақытының
жартысы өткенде, ұзын сапты ас үй құралымен тамақты
араластырыңыз. Пешке арналған қолғап кийіңіз.
- Орнатылған немесе алдын ала орнатылған уақыт аяқталған кезде,
құрал үш рет сигнал беріп, жылы сақтау режиміне өтеді.
4 Қақпағын абайлап ашыңыз.
Қақпағын ашқанда, құралдан ыстық бу шығады. Одан абай болыңыз.
- Қақпағын ашқанда, балыққа/күрішке арналған ыдысты және бумен
пісіру ыдыстарын алғанда, күйіп қалмас үшін, пешке арналған қолғап
киіңіз. Қақпақты баяу, өзіңізден аулақ ұстап ашыңыз. Қақпақтағы
жиналған суды бумен пісіру ыдысына ағызыңыз.
3x
 99