Manual

76

Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін, өнімді www.philips.com/welcome
веб-торабында тіркеңіз.

1 Дисплей мен түймелер бар басқару тақтасы
- Бастау/тоқтату және кідірту түймесі (a)
- Таймер жоғары және төмен түймесі (b)
- «Су ыдысы бос» шамы (c)
- Бумен әзірлеу табағының түймелері (d) (1, 2, 3)
- Тамақ бағдарламасы түймесі (e)
- Басты бағдарлама түймесі (f)
- Басты бағдарламаның алдын ала орнатылған түймелері (g) (балық, картоп, күріш, көкөністер)
- Таймер көрсеткіші (h)
- «Жылы күйінде сақтау» шамы (i)
- Турбо шамы (j)
2 Су ыдысы бар негізгі бөлік
3 Температура сенсоры
4 Тамшы науасы
5 Дәмдендіргіш
6 Шағын бумен әзірлеу табағы (1)
7 Орташа бумен әзірлеу табағы (2)
8 Үлкен бумен әзірлеу табағы (3)
9 Сорпа ыдысы (тек HD9190 үлгісінде)
10 Қақпақ
11 Бу тесігі
12 Қақпақ тұтқасы
13 Алынбалы ыдыс түбі
14 Су толтыру шүмегі
15 Сымды сақтайтын орын
Ескертпе Бумен әзірлеу табақтары 1 - 3 деп нөмірленген. Бумен әзірлеу табақтарының
нөмірлері құлақтарында орналасқан. Кез келген үлкенірек табақты шағынырақ табақтың
үстіне орнатуға болады, бірақ табақтарды логикалық үлкею ретімен бір-біріне қойғанда жақсы
орналасады: алдымен ең шағын табақ (1), содан кейін орташа табақ (2), ал соңынан үлкен
табақ (3).
HD9190 үлгісі бойынша ескерту: Сорпа ыдысын үлкен табақпен (3) бірге пайдаланған жөн.
Ескертпе Әрдайым бумен әзірлеу табақтарының астында тамшы науасын пайдаланыңыз
және тек тамақ толтырылған бумен әзірлеу табақтарын пайдаланыңыз.

Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.

- Негізгі бөлікті суға батыруға немесе оны ағынды сумен шаюға болмайды.

- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріп алыңыз.
