HD920X Пайдаланушы нұсқаулығы
ҚАЗАҚ МАЗМҰНЫ Маңызды ақпарат 3 Жалпы сипаттама 7 Кіріспе Алғашқы рет қолданар алдында Пайдалануға дайындау Құралды қолдану Тағам кестесі Аэрогрильде пісіру Үйде жасалған картоп тілімдерін дайындау 7 8 8 8 8 10 14 Тазалау 14 Сақтау 16 Кепілдік және қолдау 17 Тазалау кестесі Өңдеу Ақаулықтарды жою 16 17 17
ҚАЗАҚ 3 Маңызды ақпарат Құралды қолданбастан бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият оқып шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз. Қауіпті жағдайлар - Қыздыру элементіне тимеуі үшін, қуырылатын ингредиенттерді әрдайым себетке салыңыз. Құрал жұмыс істеп жатқанда, ауа кіретін және шығатын тесіктерді жаппаңыз. Табаға май құймаңыз. Өрт шығуы мүмкін. Құрылғыны суға немесе басқа сұйықтықтарға батыруға және ағынды судың астында жууға болмайды.
ҚАЗАҚ - - орын қалдырыңыз. Құрылғының жоғарғы жағына ешнәрсе қоймаңыз. Құралды пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілмеген басқа мақсаттарда пайдаланбаңыз. Қатты қуыру кезінде ыстық бу ауа шығаруға арналған саңылаулардан босатылады. Қолыңыз бен бетіңізді будан және ауа шығаруға арналған саңылаулардан қауіпсіз қашықтықта ұстаңыз. Сонымен қатар, құралдан табаны алу кезінде ыстық бу мен ауадан сақ болыңыз. Пайдалану барысында өнімнің ұстауға келетін жерлері ысып кетуі мүмкін.
ҚАЗАҚ - - 5 нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес қолданбаса, кепілдік жарамсыз болады және Philips компаниясы болған зақымдарға байланысты кез келген жауапкершіліктен бас тартады. Құралды құрғақ, орнықты, тегіс және көлденең бетке қойып пайдаланыңыз. Пайдаланып болғаннан кейін, құралды ток көзінен ажыратыңыз. Құралды пайдаланбас не тазаламас бұрын шамамен 30 минут бойы суытып алыңыз. Құралда дайындалған ингредиенттердің қара не қоңыр болмай, алтын сары болып шығуын қадағалаңыз.
ҚАЗАҚ 6 11 10 1 9 2 3 4 5 8 6 7
ҚАЗАҚ 7 Кіріспе Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome веб-сайтында тіркеңіз. Philips аэрогрилі — бұл сүйікті тағамдарды аз май қосып немесе май қоспай және 90%-ға дейін аз маймен қуыратын бірегей Rapid Air технологиясы бар жалғыз аэрогриль.
ҚАЗАҚ Алғашқы рет қолданар алдында 1 Барлық қаптау материалын алып тастаңыз. 2 Құралдың барлық жапсырмаларын немесе белгілерін (қолжетімді болса) алып тастаңыз. 3 Алғаш пайдаланбас бұрын құралды тазалау тарауында көрсетілгендей мұқият тазалаңыз. Пайдалануға дайындау 1 Құралды тұрақты, көлденең, тегіс және жылуға төзімді беткі қабаттарға қойыңыз. Ескертпе • Құрылғының үстіне немесе жан-жағына ешнәрсе қоймаңыз. Бұл ауа ағынын бұзуы және қуыру нәтижесіне әсер етуі мүмкін.
ҚАЗАҚ Мин.– макс. мөлшері Уақыт (мин) Температура Ескертпе Жұқа, мұздатылған картоп тілімдері (7x7 мм/0,3x0,3 дюйм) 200-500 г / 7-18 унция 16-22 180°C/350°F • Қабылдау алдында шайқаңыз, төңкеріңіз немесе араластырыңыз. Үйдегі фри картоп (жуандығы 10x10 мм/0,4x0,4 дюйм) 200-500 г / 7-18 унция 18-26 180°C/350°F • Қабылдау алдында шайқаңыз, төңкеріңіз немесе араластырыңыз.
ҚАЗАҚ Азық түрлері Мин.– макс. мөлшері Уақыт (мин) Температура Ескертпе Аралас көкөністер (үлкейтіп туралған) 200-600 г/ 7-21 oz 10-20 180°C/350°F • • Пісіру уақытын қалауыңызша орнатыңыз. Арасында шайқап, аударып немесе араластырып тұрыңыз Маффин (шамамен 50 г/1,8 унция) 1-7 12-14 180°C/350°F • Маффинге арналған қалыпты пайдаланыңыз Торт 500 г/18 унция 50-60 160°C/325°F • Пісіруге арналған форманы пайдаланыңыз.
ҚАЗАҚ 11 1 Тығынды қабырға розеткасына қосыңыз. 2 Тұтқаны тарту арқылы табаны себетпен бірге құрылғыдан алыңыз. 3 Ингредиенттерді себетке салыңыз. Ескертпе • Аэрогриль үлкен көлемдегі ингредиенттерді әзірлей алады. Дұрыс мөлшері және болжалды пісіру уақыттары бойынша «Тағам кестесін» қараңыз. • «Тағам кестесі» бөлімінде көрсетілген көлемнен асырмаңыз немесе себетті «МАКС.» көрсетімінен асыра толтырмаңыз, себебі бұл түпкі нәтиженің сапасына ықпал етуі мүмкін.
ҚАЗАҚ 5 Температура тұтқасын қажетті температураға бұрап қойыңыз. 6 Құрылғыны қосу үшін таймер тұтқасын қажетті пісіру уақытына бұрап қойыңыз. Ескертпе • Әртүрлі тағам түрлері үшін негізгі пісіру параметрлері берілген тағам кестесін қараңыз. Кеңес • Пісіріп жатқанда пісіру температурасын немесе уақытын өзгерту керек болса, басқару тұтқаларын қажетті мәндерге бұрап қойыңыз. Ескертпе • Кейбір ингредиенттер пісіру уақыты бойынша арасында шайқауды немесе аударуды талап етеді («Тағам кестесін» қараңыз).
ҚАЗАҚ 13 8 Табаны тартыңыз да, ингредиенттердің дайын екенін тексеріңіз. Ескерту • Пісіру процесі аяқталғаннан кейін аэрогриль табасы ыстық болады. Табаны құрылғыдан шығарған кезде оны әрдайым ыстыққа төзімді жұмыс үстелінің үстіне қойыңыз (мысалы, ыдыс астына қоятын төсем және т.б.). Ескертпе • Ингредиенттер әлі дайын болмаса, табаны тұтқасынан ұстап, аэрогрильдің ішіне қарай сырғытыңыз, сосын біраз қосымша минут қосыңыз.
ҚАЗАҚ Үйде жасалған картоп тілімдерін дайындау Аэрогрильде керемет үйде жасалған картоп тілімдерін әзірлеу үшін: - Фри картобын жасауға қолайлы картоп түрін таңдаңыз, мысалы, жақында қазып алынған, (аздап) ұнды картоп. - Біркелкі нәтиже алу үшін картопты 500 г/18 унциядан бөліп ауамен қуырған дұрыс. Кішігірім картоп үлкен картопқа қарағанда қытырлақ болады. 1 Картоптың сыртын аршыңыз, сосын жіңішке (қалыңдығы 1 x 1 см/0,4 x 0,4 дюйм) етіп тураңыз.
ҚАЗАҚ 15 1 Таймер тұтқасын 0 мәніне бұрап қойып, ашаны қуат көзінен суырыңыз, сосын құрылғыны салқындатыңыз. Кеңес • Аэрогриль жылдамырақ суу үшін таба мен себетті алып тастаңыз. 2 Табаның түбінде ерітілген майды төгіп тастаңыз. 3 Табаны және себетті ыдыс жуғыш машинада тазалаңыз. Сонымен қатар, оларды ыстық сумен, ыдыс жууға арналған сұйықтықпен және абразивті емес спонжбен тазалай аласыз («тазалау кестесін» қараңыз). Ескертпе • Рәзіңке тығыны бар кәстрөлді ыдыс жуатын машинаны салыңыз.
ҚАЗАҚ 6 Құралдың ішін ыстық сумен және қырмайтын ысқышпен тазалаңыз. Тазалау кестесі Сақтау 1 Құралды розеткадан ажыратып, суытып алыңыз. 2 Барлық бөлшектерді сақтаудың алдында, олар таза және құрғақ болуы қажет. Ескертпе • Аэрогрильді алып жүргенде оны әрдайым көлденең күйде ұстаңыз. Табаны да құрылғының алдыңғы бөлігінде ұстап тұрыңыз, себебі ол төмен еңкейтілген кезде байқаусызда құрылғыдан сырғып кетуі мүмкін. Бұл осы бөліктердің зақымдануына себеп болуы мүмкін.
ҚАЗАҚ 17 Өңдеу - Бұл таңба осы өнімді қалыпты тұрмыстық қалдықпен тастауға болмайтынын білдіреді (2012/19/EU). Электр және электрондық өнімдердің қалдықтарын бөлек жинау жөніндегі еліңіздің ережелерін сақтаңыз. Қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына тиетін зиянды әсерлердің алдын алуға көмектеседі. Кепілдік және қолдау Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса, www.philips.com/support сайтына кіріңіз немесе бөлек дүниежүзілік кепілдік парақшасын оқыңыз.
ҚАЗАҚ Мәселе Ықтимал себебі Шешімі Менің үйде жасалған картоп тілімдерім өзім күткендей шықпады. Картоп түрі дұрыс таңдалмаған. Жақсы нәтижелер алу үшін, балғын ұнды картоптарды пайдаланыңыз. Егер картопты сақтау қажет болса, оларды тоңазытқыш сияқты салқын ортада сақтамаңыз. Қаптамасында қуыруға арналған деп жазылған картоптарды таңдаңыз. Себеттегі азық-түлік мөлшері тым көп. Үйде дайындалатын картопты әзірлеу үшін осы пайдаланушы нұсқаулығының 14-бетінде берілген нұсқауларды орындаңыз.
© 2022 Philips Domestic Appliances Holding B.V. Барлық құқықтары қорғалған.