User Guide
Table Of Contents
12 ҚАЗАҚ
2 Тұтқаны тарту арқылы табаны себетпен бірге
құрылғыдан алыңыз.
3 Ингредиенттерді себетке салыңыз.
Ескертпе
• Аэрогриль үлкен көлемдегі ингредиенттерді әзірлей алады.
Дұрыс мөлшері және болжалды пісіру уақыттары бойынша «Тағам
кестесін» қараңыз.
• «Тағам кестесі» бөлімінде көрсетілген көлемнен асырмаңыз
немесе себетті «МАКС.» көрсетімінен асыра толтырмаңыз, себебі
бұл түпкі нәтиженің сапасына ықпал етуі мүмкін.
• Егер бір уақытта әртүрлі ингредиенттерді әзірлегіңіз келсе,
оларды бір уақытта пісірмес бұрын, түрлі ингредиенттер үшін
қажетті ұсынылатын пісіру уақытын тексеріңіз.
4 Табаны себетпен бірге қайтадан аэрогрильге салыңыз.
Ескерту
• Себет салынбаса, табаны пайдаланбаңыз.
• Қатты қызып кететіндіктен, пайдалану кезінде және
пайдаланғаннан кейін біраз уақыт өткен соң табаны немесе
себетті ұстамаңыз.
5 Құралғыны қосу үшін, қуатты Қосу/Өшіру түймесін
басыңыз.
6 Қажетті температураны таңдау үшін температураны
жоғарылататын немесе төмендететін түймені басыңыз.