User Guide

16 ҚАЗАҚ
Кеңес
Егер қуырылған картоп тілімдері сияқты тағам жылы етіп сақтау
режимінде қатты қытырлау сипатын жоғалтса, жылы етіп сақтау
уақытын құралды ертерек өшіру арқылы қысқартыңыз немесе
оларды 2–3 минут бойы 180°C температурада қытырлағанша
пісіріңіз.
Ескертпе
Жылы етіп сақтау режимі кезінде құралдың ішіндегі желдеткіш
пен жылытқыш арасында қосылып тұрады.
Жылы етіп сақтау режимі тағамыңыз аэрогрильде пісірілгеннен
кейін бірден жылы етіп сақтау үшін жасалған. Ол қайта жылытуға
арналмаған.
Алдын ала орнату арқылы дайындау
1 "Ауада қуыру" бөліміндегі 1-5 қадамдарды орындаңыз.
2 MENU (Мәзір) түймесін басыңыз. Мұздатылған
тіскебасар белгісі жыпылықтайды. Қажетті орнатылған
мән жыпылықтаған сайын, «Мәзір» түймесін басыңыз.
3 Қосу/Өшіру батырмасын басып, пісіру процессін іске
қосыңыз.
Ескертпе
Төмендегі кестеден орнатылған мәндер туралы қосымша
ақпаратты алуға болады.