User Guide

22 ҚАЗАҚ
Сақтау
1 Құралды розеткадан ажыратып, суытып алыңыз.
2 Барлық бөлшектерді сақтаудың алдында, олар таза
және құрғақ болуы қажет.
Ескертпе
Аэрогрильді алып жүргенде оны әрдайым көлденең күйде
ұстаңыз. Табаны да құрылғының алдыңғы бөлігінде ұстап тұрыңыз,
себебі ол төмен еңкейтілген кезде байқаусызда құрылғыдан
сырғып кетуі мүмкін. Бұл осы бөліктердің зақымдануына себеп
болуы мүмкін.
Оны алып жүру және/немесе сақтау алдында аэрогрильдің
алынбалы бөліктерінің бекітілгенін тексеріңіз.
Өңдеу
- Бұл таңба осы өнімді қалыпты тұрмыстық қалдықпен
тастауға болмайтынын білдіреді (2012/19/EU).
- Электр және электрондық өнімдердің қалдықтарын бөлек
жинау жөніндегі еліңіздің ережелерін сақтаңыз. Қоқысқа
дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына
тиетін зиянды әсерлердің алдын алуға көмектеседі.
Кепілдік және қолдау
Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса,
www.philips.com/support сайтына кіріңіз немесе бөлек
дүниежүзілік кепілдік парақшасын оқыңыз.
Ақаулықтарды жою
Бұл тарауда құралда орын алуы мүмкін ең
көп кездесетін ақаулықтар жинақталған. Егер
төмендегі ақпараттың көмегімен мәселені шеше
алмасаңыз, www.philips.com/support торабына кіріп,
жиі қойылатын сұрақтар тізімін қараңыз немесе еліңіздегі
тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
Мәселе Ықтимал себебі Шешімі
Құралдың сыртқы
жағы пайдалану
кезінде қызады.
Ішкі қызуы сыртқы
қабырғаларына
беріледі.
Бұл әдеттегі нәрсе. Пайдалану кезінде
ұстауыңыз керек барлық тұтқалар
ұстауға болатындай салқын болады.