User Guide

3ҚАЗАҚ
Маңызды ақпарат
Құралды қолданбастан бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият
оқып шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
- Құралды суға немесе басқа сұйықтыққа
батыруға да, оны ағын судың астында да шаюға
да болмайды.
- Ток соғу қаупін алдын алу үшін, құралға су
немесе басқа сұйықтық кірмеу керек.
- Қыздыру элементіне тимеуі үшін, қуырылатын
ингредиенттерді әрдайым себетке салыңыз.
- Құрал жұмыс істеп жатқанда, ауа кіретін және
шығатын тесіктерді жаппаңыз.
- Табаға май құймаңыз. Өрт шығуы мүмкін.
- Штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзі
зақымданған болса, құралды қолданбаңыз.
- Жұмыс істеп жатқанда, құралдың ішін қолмен
ұстамаңыз.
- Ешқашан себетте көрсетілген максималды
деңгейден асатын тамақ көлемін салмаңыз.
- Пештің таза болуын және онда тағам
қалдықтарының болмауын әрқашан тексеріңіз.
Абайлаңыз
- Қуат сымы зақымдалған болса, қауіптің алдын
алу үшін, оны Philips, оның қызмет агенті немесе
сол сияқты кәсіби мамандар алмастыруы тиіс.
- Құралды тек жерге тұйықталған қабырға
розеткасына ғана қосуға болады. Әрдайым
ашаның қабырға розеткасына дұрыс
салынғанын тексеріңіз.
- Бұл құрылғы сыртқы таймермен немесе
бөлек қашықтан басқару жүйесімен басқаруға
арналмаған.
- Пайдалану барысында өнімнің ұстауға келетін
жерлері ысып кетуі мүмкін.
- Бұл құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы
балалар мен физикалық, сезу немесе ойлау
қабілеттері шектеулі не болмаса тәжірибесі
және білімі аз адамдар қадағалаумен немесе