User Manual

13ҚАЗАҚ
7 Қажет уақытты таңдау үшін таймердің жоғары түймесін
басыңыз.
8 Пісіру процесін бастау үшін қосу/өшіру түймесін
басыңыз.
Ескертпе
Пісіру кезінде температура мен уақыт кезекпен көрсетіледі.
Пісірудің соңғы минуты секундпен саналады.
Әртүрлі тағам түрлері үшін негізгі пісіру параметрлері берілген
тағам кестесін қараңыз.
Кеңес
Пісіру уақытында, егер сіз пісіру температурасын немесе уақытын
өзгерткіңіз келсе, оны орындау үшін кез келген уақытта сәйкес
батырманы жоғары немесе төмен қарай басыңыз.
Пісіру процесін кідірту үшін қосу/өшіру түймесін басыңыз. Пісіру
процессін жалғастыру үшін, қосу/өшіру батырмасын қайтадан
басыңыз.
Табаны және себетті шығарған кезде құрылғы автоматты түрде
кідірту режимінде болады. Пісіру процесі таба мен себетті
қайтадан құрылғыға салған кезде жалғасады.
Температураны өлшеу бірлігін Цельсий градустан Фаренгейт
градусына немесе керісінше өзгерту үшін, бір уақытта
шамамен 10 секунд ішінде температураны арттыру және
төмендету батырмасын бір уақытта басыңыз.
Ескертпе
30 минут ішінде қажетті пісіру уақытын орнатпасаңыз, қауіпсіздік
шараларына байланысты құрал автоматты түрде өшеді.
Кейбір ингредиенттер пісіру уақыты бойынша арасында
шайқауды немесе аударуды талап етеді («Тағам кестесін»
қараңыз). Ингредиенттерді шайқау үшін кастрюльмен бірге
табаны тартып шығарыңыз да, оны ыстыққа төзімді жұмыс
үстелінің үстіне қойыңыз, себетті шығару үшін себетті босату
түймесін басып қақпағын ашыңыз, себетті раковинаның үстінде
шайқаңыз. Содан кейін себетті табаға салыңыз да, оларды
қайтадан құрылғыға салыңыз.
Егер таймерді пісіру уақытының жартысына қойсаңыз, таймер
қоңырауын естисіз, бұл ингредиенттерді шайқайтын немесе
аударатын уақыт келді деген сөз. Таймерді қалған пісіру уақытына
қайта орнатқаныңызға көз жеткізіңіз.