User Manual

14 ҚАЗАҚ
9 Таймер қоңырауы естілген кезде, пісіру уақытының
өткенін білдіреді.
Ескертпе
Пісіру процесін қолмен тоқтатуға болады. Бұл үшін қосу/өшіру
түймесін басыңыз.
10 Табаны тартыңыз да, ингредиенттердің дайын екенін
тексеріңіз.
Ескерту
Пісіру процесі аяқталғаннан кейін аэрогриль табасы ыстық
болады. Табаны құрылғыдан шығарған кезде оны әрдайым
ыстыққа төзімді жұмыс үстелінің үстіне қойыңыз (мысалы,
ыдыс астына қоятын төсем және т.б.).
Ескертпе
Ингредиенттер әлі дайын болмаса,табаны тұтқасынан ұстап
аэрогрильдің ішіне қарай сырғытыңыз және орнатылған уақытқа
бірнеше минут қосыңыз.
11 Шағын ингредиенттерді (мысалы, қуырылған
картоп тілімдерін) алу үшін, себетті босату түймесін
басып, бірінші қақпағын ашыңыз және сосын себетті
тұтқасынан ұстап табадан сыртқа көтеріңіз.
Ескерту
Пісіру процесінен кейін, таба, себет, ішкі корпус және
ингредиенттер ыстық болып тұрады. Аэрогрильдегі
ингредиенттердің түріне байланысты, табадан бу шығуы
мүмкін.
12 Себеттің ішіндегісін тостағанға немесе табаққа салыңыз.
Ішіндегісін алу үшін әрқашан себетті табадан алып
тастаңыз, себебі ыстық май табаның түбінде қалып
қоюы мүмкін.
Ескертпе
Үлкен немесе тез пісіп кететін ингредиенттерді алып тастау үшін
ингредиенттерді көтергенде қысқыштарды пайдаланыңыз.
Ингредиенттерден шығатын артық май немесе еріген май
табаныңтүбіне жиналады.
Пісірілетін ингредиенттер түріне байланысты табадағы себетті
ауыстырғаннан кейін не бұрын әр бөліктен кейін табадан кез
келген артық майды немесе ерітілген майды құйып алғыңыз келуі
мүмкін. Себетті ыстыққа төзімді бетке қойыңыз. Артық немесе
пайдаланылған майды төгу үшін ыстыққа төзімді пешке арналған
қолғап киіңіз. Себетті табаға қайта салыңыз.