User Guide

11ҚАЗАҚ
2 Тұтқаны тарту арқылы табаны себетпен бірге
құрылғыдан алыңыз.
3 Ингредиенттерді себетке салыңыз.
Ескертпе
Аэрогриль үлкен көлемдегі ингредиенттерді әзірлей алады.
Дұрыс мөлшері және болжалды пісіру уақыттары бойынша «Тағам
кестесін» қараңыз.
«Тағам кестесі» бөлімінде көрсетілген көлемнен асырмаңыз
немесе себетті «МАКС.» көрсетімінен асыра толтырмаңыз, себебі
бұл түпкі нәтиженің сапасына ықпал етуі мүмкін.
Егер бір уақытта әртүрлі ингредиенттерді әзірлегіңіз келсе,
оларды бір уақытта пісірмес бұрын, түрлі ингредиенттер үшін
қажетті ұсынылатын пісіру уақытын тексеріңіз.
4 Табаны себетпен бірге қайтадан аэрогрильге салыңыз.
Ескерту
Себет салынбаса, табаны пайдаланбаңыз.
Қатты қызып кететіндіктен, пайдалану кезінде және
пайдаланғаннан кейін біраз уақыт өткен соң табаны немесе
себетті ұстамаңыз.
5 Құрылғыны қосу үшін қуатты «Қосу/Өшіру» түймесін
басыңыз.
6 Қажетті температураны таңдау үшін температураны
жоғарылататын немесе төмендететін түймені басыңыз.