User Guide

19ҚАЗАҚ
1 Құрылғыны өшіру үшін қуатты қосу/өшіру түймесін ( )
басыңыз да, ашаны розеткадан суырып, құрылғыны
суытыңыз.
Кеңес
Аэрогриль жылдамырақ суу үшін таба мен себетті алып тастаңыз.
2 Табаның түбінде ерітілген майды төгіп тастаңыз.
3 Табаны және себетті ыдыс жуғыш машинада тазалаңыз.
Сонымен қатар, оларды ыстық сумен, ыдыс жууға
арналған сұйықтықпен және абразивті емес спонжбен
тазалай аласыз («тазалау кестесін» қараңыз).
Ескертпе
Рәзіңке тығыны бар кәстрөлді ыдыс жуатын машинаны салыңыз.
Тазалау алдында рәзіңке тығынды шешпеңіз
Кеңес
Егер тағам қалдықтары табаға немесе себетке жабысып қалса,
оларды ыстық суға немесе ыдыс жууға арналған сұйықтыққа
10-15 минутқа батырып қоюға болады. Батырып қою тағам
қалдықтарын жібітеді және оны алу оңай болады. Май мен кірді
кетіретін ыдыс жууға арналған сұйықтықты пайдаланыңыз. Егер
табада немесе себетте майлы дақтар қалып қойса және оларды
ыстық сумен және ыдыс жуғыш сұйықтықпен кетіре алмасаңыз,
майды кетіретін сұйықтықты пайдаланыңыз.
Қажет болса, қыздыру элементіне жабысып қалған тағам
қалдықтарын жұмсақ-орташа талшықты щеткамен алуға болады.
Болаттан жасалған сымды щетканы немесе қатты талшықты
щетканы пайдаланбаңыз, себебі бұл қыздыру элементіндегі
қабатқа зақым келтіруі мүмкін.
4 Құралдың сыртын дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Ескертпе
Басқару панелінде ылғал қалмауы тиіс. Тазалағаннан кейін
басқару панелін шүберекпен міндетті түрде құрғатыңыз.
5 Тамақ қалдықтарын алып тастау үшін, қыздыру
элементін щеткамен тазалаңыз.