User Guide

3ҚАЗАҚ
Маңызды ақпарат
Құралды қолданбастан бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият
оқып шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
- Қыздыру элементіне тимеуі үшін, қуырылатын
ингредиенттерді әрдайым себетке салыңыз.
- Құрал жұмыс істеп жатқанда, ауа кіретін және шығатын
тесіктерді жаппаңыз.
- Табаға май құймаңыз. Өрт шығуы мүмкін.
- Құрылғыны суға немесе басқа сұйықтықтарға батыруға
және ағынды судың астында жууға болмайды.
- Ток соғу қаупін алдын алу үшін, құралға су немесе басқа
сұйықтық кірмеу керек.
- Ешқашан себетте көрсетілген максималды деңгейден
асатын тамақ көлемін салмаңыз.
- Жұмыс істеп жатқанда, құралдың ішін қолмен ұстамаңыз.
- Әрқашан жылытқыштың бос екеніне және онда ешқандай
тағамның тұрып қалмағанына көз жеткізіңіз.
- Штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзі зақымданған
болса, құралды қолданбаңыз.
Абайлаңыз
- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің
жергілікті желі кернеуіне сәйкес келетінін тексеріп алыңыз.
- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы
үшін, оны тек Philips компаниясында, Philips мақұлдаған
қызмет орталығында немесе білікті мамандар ауыстыруы
керек.
- Бұл құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балалар мен
физикалық, сезу немесе ойлау қабілеттері шектеулі не
болмаса тәжірибесі және білімі аз адамдар қадағалаумен
немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалануға қатысты нұсқаулар
алған және байланысты қауіптерді түсінген жағдайда
пайдалана алады. Балалар құралмен ойнамауы керек. 8
жасқа толмаған балалар ересектің қадағалауынсыз тазалау
және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізбеуі
тиіс.
- Құрылғы мен оның сымын 8 жасқа толмаған балалардың
қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
- Қуат сымын ыстық жерлерден аулақ ұстаңыз.
- Құралды тек жерге тұйықталған қабырға розеткасына ғана
қосуға болады. Әрдайым ашаның қабырға розеткасына
дұрыс салынғанын тексеріңіз.
- Бұл құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесімен басқаруға арналмаған.
- Құралды қабырғаға қарсы немесе басқа да құралдарға
қарсы қоймаңыз. Артқы және бүйір жақтарында кем
дегенде 10см және құралдың үстіңгі жағында 10см бос