User Guide

5ҚАЗАҚ
нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес қолданбаса, кепілдік
жарамсыз болады және Philips компаниясы болған
зақымдарға байланысты кез келген жауапкершіліктен бас
тартады.
- Құралды құрғақ, орнықты, тегіс және көлденең бетке
қойып пайдаланыңыз.
- Пайдаланып болғаннан кейін, құралды ток көзінен
ажыратыңыз.
- Құралды пайдаланбас не тазаламас бұрын шамамен 30
минут бойы суытып алыңыз.
- Құралда дайындалған ингредиенттердің қара не қоңыр
болмай, алтын сары болып шығуын қадағалаңыз. Күйіп
кеткен қалдықтарын алып тастаңыз. Балғын картопты
180°C-ден жоғары мәнде қуырмаңыз (акриламид түзілуін
азайту үшін).
- Пісіру камерасының жоғарғы аймағын тазалау кезінде
абайлаңыз: ыстық қыздыру элементі, металл бөлшектердің
шеті.
- Әрқашан мультипеште тағамның толықтай пісірілгеніне көз
жеткізіңіз.
- Әрқашан мультипешті бақылауда ұстайтыныңызға көз
жеткізіңіз.
- Майлы тағам пісіру кезінде мультипеш түтін шығаруы
мүмкін.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philipsқұралы электромагниттік өрістерге қатысты барлық
қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Автоматты түрде өшіру
Құрал автоматты өшіру функциясымен жабдықталған. Егер
20 минут ішінде түймені баспасаңыз, құрал автоматты түрде
өшіп қалады. Құралды қолмен өшіру үшін, қуатты қосу/өшіру
түймесін басыңыз.