User Manual
Table Of Contents
5ҚАЗАҚ
- Құрылғыны дұрыс қолданбаса, кәсіби немесе
жартылай кәсіби мақсаттарда қолданса, пайдаланушы
нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес қолданбаса, кепілдік
жарамсыз болады және Philips компаниясы болған
зақымдарға байланысты кез келген жауапкершіліктен бас
тартады.
- Құрылғыны тексеру немесе жөндеу үшін, оны тек қана
Philips-тің қызмет көрсету орталығына апарыңыз.
Құрылғыны өзіңіз жөндеуге тырыспаңыз, әйтпесе кепілдік
жарамсыз болады.
- Пайдаланып болғаннан кейін, құралды ток көзінен
ажыратыңыз.
- Құрылғыны ұстамас немесе тазаламас бұрын, құралды 30
минуттай суытып алыңыз.
- Құралда дайындалған ингредиенттердің қара не қоңыр
болмай, алтын сары болып шығуын қадағалаңыз. Күйіп
кеткен қалдықтарын алып тастаңыз. Балғын картопты
180°C-ден жоғары мәнде қуырмаңыз (акриламид түзілуін
азайту үшін).
- Сілкіген кезде себетті босату түймесін баспаңыз.
- Пісіру камерасының жоғарғы аймағын тазалау кезінде
абайлаңыз: ыстық қыздыру элементі, металл бөлшектердің
шеті.
- Әрқашан мультипеште тағамның толықтай пісірілгеніне көз
жеткізіңіз.
- Әрқашан мультипешті бақылауда ұстайтыныңызға көз
жеткізіңіз.
- Майлы тағам пісіру кезінде мультипеш түтін шығаруы
мүмкін.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philipsқұралы электромагниттік өрістерге қатысты барлық
қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Автоматты түрде өшіру
Құрылғы автоматты өшіру функциясымен жабдықталған. Таймер
уақыты өтіп кеткеннен кейін, құрылғы автоматты түрде өшіп
қалады. Құрылғыны қолмен өшіру үшін, қуатты қосу/өшіру
түймесін басыңыз.