User Manual

12 ҚАЗАҚ
Құралды қолдану
Аэрогрильде пісіру
Ескерту
Бұл ыстық ауада жұмыс істейтін аэрогриль. Табаға май,
қуыруға арналған май немесе басқа сұйықтық құймаңыз.
Ыстық беттерді ұстамаңыз. Тұтқаларды немесе тетіктерді
пайдаланыңыз. Ыстық таба мен май азайтқышты қорғаныс
қолғабымен пайдаланыңыз.
Бұл құрал тек үйде қолдануға жасалған.
Құралды алғаш рет пайдаланғанда түтін шығуы мүмкін. Бұл
әдеттегі нәрсе.
Құралды алдын ала қыздырудың қажеті жоқ.
1 Құрылғыны тұрақты, көлденең, тегіс және жылуға
төзімді беткі қабаттарға қойыңыз. Тартпаның толықтай
ашылатынына көз жеткізіңіз.
Ескертпе
Құрылғының үстіне немесе жан-жағына ешнәрсе қоймаңыз. Бұл
ауа ағынын бұзуы және қуыру нәтижесіне әсер етуі мүмкін.
2 Құрылғының артқы жағында орналасқан сым сақтағыш
бөлімнен ток сымын сыртқа қарай тартыңыз.
3 Тығынды қабырға розеткасына қосыңыз.
4 Тартпаны тұтқасынан тартып ашыңыз.