User Manual

14 ҚАЗАҚ
9 Пісіру уақытын өзгерту үшін QuickControl пернесін
қажетті параметрге бұраңыз.
» Таңдалған пісіру уақытын растау үшін QuickControl
пернесін басыңыз.
Ескертпе
Әртүрлі тағам түрлері үшін негізгі пісіру параметрлері берілген
тағам кестесін қараңыз.
10 Құрал пісіруді пісіру уақыты расталғаннан кейін
басталады.
Кеңес
Пісіру процесін кідірту үшін, QuickControl пернесін басыңыз. Пісіру
процесін жалғастыру үшін, QuickControl пернесін қайта басыңыз.
Ескертпе
30 минут ішінде қажетті пісіру уақытын орнатпасаңыз, қауіпсіздік
шараларына байланысты құрал автоматты түрде өшеді.
Егер «- -» уақыт индикаторы ретінде таңдалса, құрал алдын ала
қыздыру режиміне өтеді.
Кейбір ингредиенттер пісіру уақыты бойынша арасында
шайқауды немесе аударуды талап етеді («Тағам кестесін»
қараңыз). Ингредиенттерді шайқау үшін, пісіруді кідірту үшін
QuickControl пернесін басыңыз да, тартпаны ашып, себетті
табадан көтеріңіз және оны бақалшықтың үстінде шайқаңыз.
Содан соң табаны себетімен қайтадан құралға сырғытыңыз және
пісіруді жалғастыру үшін QuickControl пернесін басыңыз.
Егер таймерді пісіру уақытының жартысына қойсаңыз, таймер
қоңырауын естіген кезде ингредиенттерді шайқайтын не
аударатын уақыт келді деген сөз. Таймерді қалған пісіру уақытына
қайта орнатқаныңызға көз жеткізіңіз.
11 Таймер қоңырауы естілген кезде, орнатылған дайындау
уақытының өткенін білдіреді.
12 Тартпаны тұтқасынан тартып ашыңыз және
ингредиенттердің дайын не дайын еместігін тексеріңіз.
1
2