User Manual

22 ҚАЗАҚ
Кеңес
Егер тағам қалдықтары табаға, май азайтқышқа немесе себетке
жабысып қалса, оларды ыстық суға немесе ыдыс жууға арналған
сұйықтыққа 10–15 минутқа салып қоюыңызға болады. Батырып
қою тағам қалдықтарын жібітеді және оны алу оңай болады.
Май мен кірді кетіретін ыдыс жууға арналған сұйықтықты
пайдаланыңыз. Егер табада, май азайтқышта немесе себетте
кір қалып қойса және оларды ыстық сумен және ыдыс жуғыш
сұйықтықпен кетіре алмасаңыз, майды кетіретін сұйықтықты
пайдаланыңыз.
Қажет болса, қыздыру элементіне жабысып қалған тағам
қалдықтарын жұмсақ-орташа талшықты щеткамен алуға болады.
Болаттан жасалған сымды щетканы немесе қатты талшықты
щетканы пайдаланбаңыз, себебі бұл қыздыру элементіндегі
қабатқа зақым келтіруі мүмкін.
4 Құралдың сыртын дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Ескертпе
Басқару панелінде ылғал қалмауы тиіс. Тазалағаннан кейін
басқару панелін шүберекпен міндетті түрде құрғатыңыз.
5 Тамақ қалдықтарын алып тастау үшін қыздыру
элементін щеткамен тазалаңыз.
6 Құрылғының ішін ыстық сумен және қырмайтын
ысқышпен тазалаңыз.