User Manual

23ҚАЗАҚ
Сақтау
1 Құрылғыны розеткадан ажыратып, суытып алыңыз.
2 Барлық бөлшекті сақтаудың алдында олар таза және
құрғақ болуы қажет.
3 Сымды сақтайтын орнына жинап қойыңыз.
Ескертпе
Аэрогрильді алып жүргенде оны әрдайым көлденең күйде
ұстаңыз. Сондай-ақ, тартпаны құралдың алдыңғы бөлігінде
ұстаңыз, себебі ол байқаусызда төмен еңкейтілген кезде құралдан
сырғып кетуі мүмкін. Бұл тартпаны зақымдауы мүмкін.
Оны алып жүру және/немесе сақтау алдында аэрогрильдің
алынбалы төменгі торы, т.б. сияқты алынбалы бөліктерінің
бекітілгенін тексеріңіз.
Өңдеу
- Бұл таңба осы өнімді қалыпты тұрмыстық қалдықпен
тастауға болмайтынын білдіреді (2012/19/EU).
- Электр және электрондық өнімдердің қалдықтарын бөлек
жинау жөніндегі еліңіздің ережелерін сақтаңыз. Қоқысқа
дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына
тиетін зиянды әсердің алдын алуға көмектеседі.
Кепілдік және қолдау
Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса,
www.philips.com/support сайтына кіріңіз немесе бөлек
дүниежүзілік кепілдік парақшасын оқыңыз.