User Manual

4 ҚАЗАҚ
- Қатты қуыру кезінде ыстық бу ауа шығаруға арналған
саңылаулардан босатылады. Қолыңыз бен бетіңізді будан
және ауа шығаруға арналған саңылаулардан қауіпсіз
қашықтықта ұстаңыз. Сонымен қатар, құралдан табаны алу
кезінде ыстық бу мен ауадан сақ болыңыз.
- Құрылғыға жеңіл ингредиенттерді немесе қаптау қағазын
салмаңыз.
- Пайдалану барысында құрылғының ашық беттері қатты
ысып кетуі мүмкін.
- Картопты сақтау: температура сақталатын картоп түрлеріне
сәйкес болуы және дайындалған тағамдарда акриламид
әсері қаупін азайту үшін 6°C-тан жоғары болуы тиіс.
- Құралды ыстық газ плитасының немесе электр плитасы
мен электр табаларының барлық түрлерінің үстіне немесе
жанына, не болмаса қыздырылған пештің ішіне қоймаңыз.
- Майды түпқоймасына құймаңыз.
- Бұл құрал 5ºC және 40ºC аралығындағы сыртқы
температурада пайдалануға арналған.
- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің
жергілікті желі кернеуіне сәйкес келетінін тексеріп алыңыз.
- Қуат сымын ыстық жерлерден аулақ ұстаңыз.
- Құралды дастарқан немесе перде сияқты тез жанатын
материалдардың үстіне немесе жанына қоймаңыз.
- Құрылғыны осы пайдаланушы нұсқаулығында
сипатталғаннан басқа ешқандай мақсаттарда
пайдаланбаңыз, Philips -тің тек түпнұсқа қосалқы
құралдарын пайдаланыңыз.
- Істеп тұрғанда, құралды қадағалаусыз қалдыруға
болмайды.
- Құрылғыны пайдалану кезінде және одан кейін түпқойма,
себет және май кетіргіш қатты қызады, оларды абайлап
пайдаланыңыз.
- Құралды алғаш қолданар алдында, азыққа тиетін
бөлшектерді жақсылап тазалаңыз. Осы пайдаланушы
нұсқаулықтағы нұсқауларды қараңыз.
Ескерту
- Бұл құрылғы тек үйде әдеттегідей қолдануға арналған.
Ол, басқа жағдайда, соның ішінде: дүкендердегі
қызметкерлерге арналған асүйлерде, кеңселерде,
фермерлік шаруашылықтарда және сондай
басқа да жерлерде қолданылуға арналмаған. Ол
мейманханалардың, мотельдердің, қонақүйлердің және
сондай басқа да мекемелердің тұрғындары тарапынан
қолданылуға арналмаған.
- Қараусыз қалдырсаңыз немесе жинау, бөлшектеу, сақтау
және тазалау алдында әрқашан құралды қуат көзінен
ажыратыңыз.
- Құралды көлденең, тегіс және тұрақты бетке қойыңыз.