User Guide

16 ҚАЗАҚ
Кеңес
Пісіру процесін кідірту үшін, QuickControl пернесін басыңыз. Пісіру
процесін жалғастыру үшін, QuickControl пернесін қайта басыңыз.
Пісіру кезінде пісіру температурасын немесе уақытын өзгерту
үшін, 8–10 қадамдарды қайталаңыз.
Кез келген ағымдағы процестен бас тарту үшін және негізгі
мәзірге оралу үшін, оралу түймесін
басыңыз.
Ескертпе
30 минут ішінде қажетті пісіру уақытын орнатпасаңыз, қауіпсіздік
шараларына байланысты құрал автоматты түрде өшеді.
Егер «- -» уақыт индикаторы ретінде таңдалса, құрал алдын ала
қыздыру режиміне өтеді.
Кейбір ингредиенттер пісіру уақыты бойынша арасында
шайқауды немесе аударуды талап етеді («Тағам кестесін»
қараңыз). Ингредиенттерді шайқау үшін, пісіруді кідірту үшін
QuickControl пернесін басыңыз да, тартпаны ашып, себетті
табадан көтеріңіз және оны бақалшықтың үстінде шайқаңыз.
Содан соң табаны себетімен қайтадан құралға сырғытыңыз және
пісіруді жалғастыру үшін QuickControl пернесін басыңыз.
Егер таймерді пісіру уақытының жартысына қойсаңыз, таймер
қоңырауын естіген кезде ингредиенттерді шайқайтын не
аударатын уақыт келді деген сөз. Таймерді қалған пісіру уақытына
қайта орнатқаныңызға көз жеткізіңіз.
14 Таймер қоңырауын естіген кезде, пісіру уақыты өтті
деген сөз.
15 Тартпаны тұтқасынан тартып ашыңыз және
ингредиенттердің дайын не дайын еместігін тексеріңіз.
Ескертпе
Ингредиенттер әлі дайын болмаса, тартпаны тұтқасынан ұстап
аэрогрильдің ішіне қарай сырғытыңыз және орнатылған уақытқа
бірнеше минут қосыңыз.
16 Шағын ингредиенттерді (мысалы, қуырылған картоп
тілімдері) алу үшін, себетті тұтқасынан ұстап табадан
сыртқа көтеріңіз.
Ескерту
Пісіру процесінен кейін, таба, май азайтқыш, себет, ішкі
корпус және ингредиенттер ыстық болып тұрады.
Аэрогрильдегі ингредиенттердің түріне байланысты, табадан
бу шығуы мүмкін.