User Guide

27ҚАЗАҚ
Өңдеу
- Бұл таңба осы өнімді қалыпты тұрмыстық қалдықпен
тастауға болмайтынын білдіреді (2012/19/EU).
- Электр және электрондық өнімдердің қалдықтарын бөлек
жинау жөніндегі еліңіздің ережелерін сақтаңыз. Қоқысқа
дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына
тиетін зиянды әсерлердің алдын алуға көмектеседі.
Кепілдік және қолдау
Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса,
www.philips.com/support сайтына кіріңіз немесе бөлек
дүниежүзілік кепілдік парақшасын оқыңыз.
Ақаулықтарды жою
Бұл тарауда құралда орын алуы мүмкін ең
көп кездесетін ақаулықтар жинақталған. Егер
төмендегі ақпараттың көмегімен мәселені шеше
алмасаңыз, www.philips.com/support торабына кіріп,
жиі қойылатын сұрақтар тізімін қараңыз немесе еліңіздегі
тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
Мәселе Ықтимал себебі Шешімі
Құралдың сыртқы
жағы пайдалану
кезінде қызады.
Ішкі қызуы сыртқы
қабырғаларына
беріледі.
Бұл әдеттегі нәрсе. Пайдалану кезінде
ұстауыңыз керек барлық тұтқалар
ұстауға болатындай салқын болады.
Таба, себет, май азайтқыш және
құралдың ішкі жағы әрқашан тағам
дұрыс пісірілгеніне көз жеткізу үшін
құрал қосылған кезде ыстық болады.
Бұл бөліктері әрқашан қатты ыстық
болады.
Егер құралды ұзақ уақыт бойы қосулы
қалдырсаңыз, кейбір аймақтары ұстай
алмайтындай ыстық болады. Бұл
аймақтар құралда келесі белгішемен
белгіленеді:
Ыстық аймақтары белгілі болған сәтте
және ұстай алмайтын кезде құрал
толықтай пайдалануға қауіпсіз.