User manual


- Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
- Бұл құрылғының 2-классқа сәйкес қос изоляциясы бар (Cурет 2).

- Су мен тоқ қиысуы өте қауіпті! Бұл құралды су қоршаған айналада қолданбаңыз (мысалы,
ваннада, душтың немесе бассейіннің жанында).
- Құралдың ішіне су тигізбеңіз немесе оның үстіне су төкпеңіз (Cурет 3).

- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріп алыңыз.
- Құрал 230 В желі кернеуінде және 50 Гц жиілікте жұмыс істейді.
- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны тек Philips
компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет орталығында немесе білікті мамандар ауыстыруы
керек.
- Шамды алып тастау үшін жоғарғы қақпақты ашпас бұрын міндетті түрде құралдың 15
минуттай салқындауына мүмкіндік беріңіз. Пайдалану барысында шам мен жоғарғы
қақпақтың темір бөлігі ысып, саусақтарыңызды күйдіруі мүмкін. (Cурет 4)
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану
нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ
білімі мен тәжірибесі аз адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
- Бұл құрал тек бөлме ішінде пайдалануға арналған (Cурет 5).

- Құралды құлатуға немесе қатты соқтығысқа ұшыратуға болмайды.
- Құралды орнықты, тегіс және тайғақ емес жерге орналастырыңыз.
- Құралды бөлме температурасы 10°C төмен немесе 35°C жоғары болған жағдайда
қолдануға болмайды.
- Пайдалану уақытында құралдың жоғарғы және төменгі жағындағы желдеткіш
саңылауларының ашық екендігіне көз жеткізіңіз.
- Шам тұрқы немесе қақпағы бұзылған, сынық немесе жоғалған болса, құралды пайдалануға
болмайды.
- Егер бұрын ауыр депрессияңыз болған немесе қазір депрессияңыз болса, бұл құралды
қолданбас бұрын дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
- Бұл құрылғыны ұйықтау мерзімін азайту үшін қолданбаңыз. Бұл құрылғының мақсаты - сізге
оңайырақ оянуға көмектесу. Ол сіздің ұйықтау қажеттілігіңізді азайтпайды.
- Бұл құрылғының қосу/өшіру қосқышы жоқ. Құрылғыны электр тоқ көзінен ажырату үшін,
штепсельді розеткадан суырып алыңыз.
- Бұл құрылғы тек үй жағдайында ғана, оның ішінде, мысалы, қонақ үйлерде қолдануға
арналған.

- Құралдың оятқандағы қалаған жарық қарқынын таңдауға болады. («Шамды пайдалану»
бөлімін, «Құралды пайдалану» тарауын оқыңыз.).
- Егер үнемі тым ерте оянатын болсаңыз немесе оянғанда басыңыз ауырса, жарық қарқынын
азайтыңыз.
- Егер жататын бөлмеңізді басқа біреумен бірге қолдансаңыз, сол адам құрылғыдан алысырақ
жатса да, оның жарығынан оянуы мүмкін. Бұл құбылыс адамдардың арасындағы жарыққа
деген сезімталдықтың айырмашылығынан туындайды.
56