User manual


Қызмет көрсету жұмыстары немесе ақпарат қажет болса немесе проблема болса, Philips
компаниясының  веб-торабына кіріңіз немесе еліңіздегі Philips
тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз. Телефон нөмірін дүниежүзілік кепілдік
кітапшасынан табуға болады. Еліңізде тұтынушыларды қолдау орталығы болмаған жағдайда,
жергілікті Philips дилеріне хабарласыңыз.

Бұл тарауда құралда пайда болуы мүмкін ең көп кездесетін ақаулықтар жинақталған.Егер
төменде берілген ақпараттың көмегімен ақаулықты шеше алмасаңыз, еліңіздегі Тұтынушы
орталығына хабарласыңыз.
Проблема Шешімі
Құрал жұмыс
жасамайды.
Шанышқы қабырғадағы розеткаға дұрыс кіргізілмеген болар.
Шанышқыны қабырғадағы розеткаға дұрыстап кіргізіңіз.
Мүмкін қуат берілмей тұрған болар. Қуаттың бар екендігін басқа
құралды қосу арқылы тексеріңіз.
Құрал дұрыс жұмыс
жасайды, бірақ оның
шамы бұзылып қалған.
Шамның пайдалану мерзімі біткен болуы мүмкін. Шам 4000 сағаттан
артық жұмыс атқарады деп есептеледі (қалыпты пайдаланғанда 4
жылдан асады). Қызмет ету мерзімі құралды пайдалануға байланысты
болады. Өте жиі қолданған жағдайда шам ойдағыдай ұзақ қызмет
етпеуі мүмкін. Шам бұзылып қалса, жаңа біреуіне тапсырыс беруіңізге
болады. Philips компаниясының жергілікті тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласыңыз.
Қолдану кезінде
құрал қызады.
Шамның сәулесі және электрондық бөлшектер құралды
қыздыратындықтан, бұл қалыпты жағдай болып табылады. Шамды
алмастырмас бұрын, құралдың салқындауына мүмкіндік беріңіз.
Түрлі қызметтерді
реттеу кезінде құрал
әрекет етпейді.
Штемпсельдік ұшты розеткадан ажыратып, қайтадан жалғаңыз.
Штемпселдік ұшты 15 минут ішінде қайта жалғаса, құрал барлық
параметрлерді есте сақтайды. Ұзақ уақыт өткеннен кейін жалғаса,
құрал зауыт параметрлерін орнатады. Барлық функцияларды қайтадан
орнатуыңызға тура келеді.
Оятқыш дыбыс
қосылғанда жарық
өшіп қалады.
Мүмкін сіз жарық қарқынын өте төмен деңгейге орнатқан боларсыз.
Жарық қарқыны деңгейін арттырыңыз.
Мүмкін сіз ояту қызметін басқару рычагын жоғарғы қалыпқа орнату
арқылы өшіріп тастаған боларсыз. Ояту қызметін қосу үшін басқару
рычагын ортаңғы қалыпқа орнатыңыз.
Мүмкін құралдың зауыттық ақаулары бар. Еліңіздегі Philips
тұтынушылар орталығына хабарласыңыз.
Шамды қосқан кезде
ол бірден
қосылмайды.
Шам қосылуы шамалы 1 секунд алады. Бұл қалыпты жағдай, себебі
шам қызуы керек.
 61