Important Information Manual

Ақаулықтарды жою
Бұл тарауда құрылғыда ең жиі кездесетін мәселелер жинақталған. Төмендегі ақпараттың көмегімен
мәселені шеше алмасаңыз, жиі қойылатын сұрақтар тізімін көру үшін www.philips.com/support
торабына кіріңіз немесе еліңіздегі Тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
Проблема Шешімі
Құрал жұмыс
жасамайды.
Адаптер розеткаға дұрыс кіргізілмеген болар. Адаптерді розеткаға
дұрыстап кіргізіңіз.
Мүмкін аша құрылғыға дұрыс кіргізілмеген болар. Кішкентай ашаны
құрылғыға дұрыстап салыңыз.
Мүмкін қуат берілмей тұрған болар. Қуаттың бар екендігін басқа
құралды қосу арқылы тексеріңіз.
Құрал дұрыс жұмыс
жасайды, бірақ оның
шамы бұзылып қалған.
Құрылғыда ұзақ уақытқа созылуы тиіс мықты ЖШД шамы бар.
Дегенмен, шам жұмыс істеуді тоқтатса, еліңіздегі Philips
тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
Түрлі қызметтерді
реттеу кезінде құрал
әрекет етпейді.
Адаптерді қабырға розеткасынан ажыратыңыз және қайта қоспастан
бұрын бірнеше минут күтіңіз. Адаптерді қайта қосқан кезде,
құрылғы зауыттық параметрлерге қайтады, сондықтан барлық
функцияларды қайта орнатуыңыз керек.
Оятқыш дыбыс
қосылғанда жарық
өшіп қалады.
Мүмкін тым төмен жарық қарқындылығының деңгейін орнатқан боларсыз.
Ояту профайлында жарық қарқындылығының деңгейін арттырыңыз
(қосымша ақпарат алу үшін пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).
Мүмкін оятар функциясын өшірген боларсыз. Оятар белгішесі оятар
функциясы белсенді кезде дисплейде көрінеді.
Мүмкін құралдың зауыттық ақаулары бар. Еліңіздегі Philips
тұтынушылар орталығына хабарласыңыз.
Шамды қосқан кезде
ол бірден
қосылмайды.
Шам қосылуы шамалы 1 секунд алады. Бұл қалыпты жағдай,
себебі шам қызуы керек.
Оятқыш қосылғанда
ешбір дыбыс
естілмейді.
Мүмкін тым төмен дыбыс деңгейін орнатқан боларсыз.
Жоғарырақ дыбыс деңгейін орнату үшін ояту профайлында ояту
дыбысының деңгейін арттырыңыз (қосымша ақпарат алу үшін
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).
Мүмкін оятар функциясын өшірген боларсыз. Оятар белгішесі оятар
функциясы белсенді кезде дисплейде көрінеді.
Егер оятқыш дыбысы ретінде радионы таңдаған болсаңыз,
радиода ақау болуы мүмкін. Оятқышты өшіргеннен кейін радио түймесін
басып, радионың жұмыс істейтінін тексеріңіз. Егер ол жұмыс істемесе,
еліңіздегі Philips тұтынушылар орталығына хабарласыңыз.
Радио жұмыс
жасамайды.
Дыбыс деңгейін азайтқан болуыңыз мүмкін. Дыбыс деңгейін көтеріңіз.
Мүмкін радионың зауыттық ақаулары бар. Еліңіздегі Philips
тұтынушылар орталығына хабарласыңыз.
ҚАЗАҚША14