User manual

6

Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді www.philips.com/
welcome веб-бетіне тіркеңіз.
Philips SatinPerfect эпиляторы Еуропада бүгінгі әйелдердің қажеттеріне және жоғарғы
инженерлік стандарттарға сай жасалған. Өнім сапасын барынша жақсарту мақсатымен өнімді
дамыту және өндіру жұмысына әлемдегі көптеген әйелдерді тарттық. Осылайша өнімдеріміз
туралы олардың ойларын білетін боламыз.
Жаңа SatinPerfect эпиляторы түктерді жақсы жұлып, теріні тамаша және ұзақ уақытқа тегіс
етеді.
Эпилятор өте сапалы және озат функциялармен толықтырылған. Эпилятордың басы терінің
едәуір бөлігін басады, ал оның дискілері керамикалық материалдан жасалған. Осының
арқасында, ең ұсақ түктерді жақсы қысып, тегіс және оңай жұлады. Түктер түбімен жұлынып,
қайта өскенде жіңішке және көрінбейтін болады.
SatinPerfect эпиляторының басы иілген түрде жасалып, дене пішіндеріне икемделеді. Оның
қысымды бақылайтын элементі тамаша нәтижеге қол жеткізу үшін түктерді тұрақты
жылдамдықта жұлады. Құрылғының құрамындағы «Opti-light» шамы ең кішкентай түктерді
жіберіп алуға мүмкіндік бермейді.
Белсенді шаш көтергіш құралының алдынғы жағындағы шашты көтеретін элемент дірілдеп,
массаж жасайды және денеге жабысып қалған түктерді көтеріп, оңай жұлады. Белсенді шаш
көтергіш құралының артқы жағындағы белсенді массаж доңғалақшасы дірілдеп, түктердің
жұлынған жеріндегі тітіркенуді басады.
Дененің пішініне қарай айналатын ыңғайлы ұшы терімен жақсы түйісіп, түктерді оңай алады
және аяқтың ұзақ уақытқа дейін тегіс болуын қамтамасыз етеді.
Құралдың ұшындағы түктерді дайындайтын элемент теріні тартып, түктерді жұлынуға
дайындайды.
Сымсыз Жоғары дәлдікті эпилятор көмегімен тіпті сезімтал және оңайлықпен қол жетпейтін
жерлердегі тері ұзақ уақыт тегіс болады.

 Эпилятор
 Жылдамдық параметрлерінің көрсеткіштері
 Қосу/өшіру түймесі
- «II» жылдамдық күйіне қосу үшін бір рет басыңыз
- «I» жылдамдық күйіне қосу үшін екі рет басыңыз
 Қолайлы шам
 Эпиляция жасайтын бас
 Босату түймесі
 Негізгі эпилятор ұшы
 Қолайлы құрал қапшығы
 Шаш туралы оқулық
 Массаж жасайтын белсенді шаш көтергіш құралы
 Белсенді массаж доңғалақшасы
 Белсенді шаш көтергіш
 Тазалайтын тарақ
 Адаптер
 Жоғары дәлдікті эпилятор
1 Қосу/өшіру ысырмасы
2 Қайта зарядталмайтын батареялар
3 Батарея бөлігінің қақпағы
 Сәнді дорба (көрсетілмеген)

4203.000.4570.2.indd 6 27-04-10 11:23