User manual


Құралды қолданар алдында осы нұсқауды мұқият оқып шағыңыз, әрі болашақта қолдануға
сақтап қойыңыз.

- Құралдарды және адаптерді құрғақ күйде сақтау қажет.
- Құралдарды раковинаның немесе суы бар ваннаның жанында қолдануға
болмайды (Cурет 2).
- Бұл құралдарды ваннада немесе душта шомылып жатқанда қолдануға болмайды (Cурет 3).
- Эпиляторды ваннада қолданғанда электр қуаты сымын қолдануға болмайды (Cурет 4).

- Эпиляторды тек берілген адаптермен зарядтау қажет.
- Құрал, қосымша немесе адаптер зақымдалған немесе сынған болса, жарақат алмас үшін
оларды қолданбаңыз.
- Егер адаптер зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін оны түпнұсқалық түрімен
ғана ауыстырған жөн.
- Адаптерде трансформер бар. Адаптерды кесіп алып тастап, оның орнына басқа шанышқы
қоюға болмайды, себебі бұл өте қауіпті жағдай туғызады.
- Құралды қосар алдында, құралда көрсетілген вольтаж, жергілікті қамтамасыз етілетін
вольтажбен сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
- Бұл құралдар физикалық, сезгіштік немесе ақыл қабілеттері кем, қауіпсіздікке жауапты адам
қолдану нұсқауларын бермеген жағдайда, білімі мен тәжірибесі жоқ адамдарға (сонын
ішінде балаларға да) қолдануға арналмаған.
- Құралмен ойнамас үшін, балаларды қадағалаусыз қалдыруға болмайды.

- Эпилятор тек әйел денесінің мойыннан төменгі бөліктеріндегі (аяқтар) түктерді жұлуға
арналған. Жоғары дәлдікті эпилятор әйелдердің бикини тұсындағы және қолтықтарындағы,
тізе, тобық тұстары сияқты жетуге қиын жерлердегі және ерін үсті мен иектегі түктерді
жұлуға арналған. Құралдарды бұдан басқа мақсаттарда қолданбаңыз.
- Тазалық мақсатында, бұл құралды тек бір адам қолдануы тиіс.
- Құралдың зақымдалуын және адамның жарақат алуын болдырмау үшін 
құралдарды (қосымшасы орнатылған немесе орнатылмаған) бастың шашынан, қастардан,
кірпіктерден, киімдерден, жіптерден, сымдардан, щеткалардан, т.б. нәрселерден аулақ ұстау
керек.
- Алдын ала дәрігермен кеңеспей, құралдарды тітіркенген, қан тамырлары ісінген, бөртпелері,
дақтары, меңдері (түгі бар) немесе жарақаттары бар теріге пайдалануға болмайды.
- Иммунитеті төмен, қант диабетімен, гемофилия немесе иммунитет жетіспеушілігі
синдромымен ауыратын адамдар да алдымен дәрігермен кеңесу керек.
- Құралдарды алғашқы бірнеше рет қолданғанда адам терісі кішкене қызаруы немесе
тітіркенуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және тез арада жоқ болады. Құралды жиі қолданған
сайын адам терісі үйрене бастайды, тітіркену азайып, қайта өскен шаш жұқа және жұмсақ
болады. Егер үш күн ішінде терінің тітіркенуі кетпесе, дәрігерге көріну жөн болады.
- Эпиляция әсерінен сезімтал жерлердің қанауы мүмкін, бірақ ол тез жазылады.
- Шам жарығынан көрмей қалу жағдайын болдырмау үшін «Opti-light» шамына тура қарауға
болмайды.
- Эпилятордың жұлатын басын қосымшасыз пайдалануға болмайды.
- Құралдарды температурасы 5°C-тан төмен, 35°C-тан жоғары жерлерде сақтауға
болмайды.
- Жоғары дәлдікті эпиляторды тек қайта зарядталмайтын AA 1,5 В сілті батареялармен
пайдалану қажет.
- Эпилятор дыбыс күшінің деңгейі (Lw) 70 дБ (A). Жоғары дәлдікті эпилятор дыбыс күшінің
деңгейі (Lw) 75 дБ (A).
 7
4203.000.4570.2.indd 7 27-04-10 11:23