User manual


Осы Philips құралы Электрмагниттік өріске (ЭМӨ) байланысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Егер осы құралды қосымша берілген нұсқаудағыдай ұқыпты қолданған болса, онда бұл
құрал, бүгінгі таңдағы белгілі ғылыми зерттеулер бойынша, қолдануға қауіпсіз болып келеді.


Ескертпе: Алғаш пайдаланбас бұрын эпилятордың басы мен Жоғары дәлдікті эпиляторды
тазалау керек.
- Құралдарды алғаш рет қолданғанда эпиляцияға бейімделу үшін алдымен түктері аз жерде
қолдану жөн.
- Эпиляцияны жатар алдында жасауды ұсынамыз, өйткені таң атқанша терінің тітіркенуі
әдетте кетеді.
- Эпиляцияны ванна немесе душ қабылдаған бойда жасаған оңайға түседі. Эпиляция
бастаған кезінде теріңіз түгелдей кебу болуы тиіс.
- Денеңіздің таза, толығымен кебу және майлы емес екендігіне көзіңізді жеткізіп алыңыз.
Эпиляция жасар алдында ешқандай крем қолданбаңыз.
- Түк ұзындығы 3–4 мм болғанда, эпиляция жасау оңай әрі жайлы болады. Егер түктер өте
ұзын болса, алдымен қырынып, 1 немесе 2 аптадан кейін қайта шыққан қысқалау түктерді
эпилятормен жұлуды ұсынамыз.
- Түктер әр түрлі өсетіндіктен, эпиляцияны алғаш рет жасағанда бірнеше күн қатар жұлған
жөн. Түктер ұзақ уақыт бойы түксимейді, себебі түктер бір уақытта және бірдей
қарқынмен өсе бастайды.
- Жеткізілгенде эпилятордың негізгі эпиляция ұшы орнатулы болады. Ыңғайлы ұшты немесе
массаж жасайтын белсенді шаш көтергіш құралын пайдалану үшін, негізгі эпиляция ұшын
құралдан шешіп, ыңғайлы ұшты немесе массаж жасайтын белсенді шаш көтергіш құралын
орнатыңыз («Эпиляторды пайдалану» тарауындағы «Аяқтағы түктерді жұлу» бөлімін
қараңыз).

- Эпиляция кезінде теріні бос қолмен тартып тұрыңыз. Бұл әрекет түктерді көтереді және
жұлғанда ауыртпайды.
- Жақсы нәтижеге жету үшін қосу/өшіру түймесі эпилятор жүргізілетін бағытта
орнатылып, эпилятор басы теріге тік (90°) орнатылуы керек. Құралға күш салмастан түк өсу
бағытына қарсы баяу әрі тұрақты жүргізіңіз.
- Кейбір жерлерде түк түрлі бағыттарға қарай өсуі мүмкін. Бұл жағдайда, жақсы нәтижеге
қол жеткізу үшін құралды түрлі бағыттарға қарай жылжыту пайдалы болуы мүмкін.
- Эпиляция барысында терлеген жағдайда, теріні жұмсақ орамалмен құрғату қажет.
- Ыңғайлы ұшты пайдаланғанда тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін теріні дайындау құралының
екі доңғалақшаның терімен дұрыс түйісуін тексеру қажет.
- Массаж жасайтын белсенді шаш көтергіш құралын пайдаланғанда, массаж
доңғалақшасының және шаш көтергіш құралының терімен толық түйісуін қадағалауыңыз
керек. Массаж доңғалақшасы түктердің оңай жұлынуы үшін теріні жұмсартып, босаңсытады.

- Теріні босаңсыту үшін, ыңғайына қарай, эпиляциядан кейін немесе бірнеше сағат өткен соң
ылғалдандыратын крем жағуды ұсынамыз.
- Қолтық жүнін эпилятормен жұлғаннан кейін алкогольсіз жұмсақ дезодарант немесе түктері
жұлынған теріге арналған арнайы крем пайдалану керек.
- Эпиляциядан кейін 24 сағат өткенде түлеуге арналған губка немесе крем жиі
пайдаланғанда (мысалы, шомылғанда) түктер терінің ішіне өспейтін болады. Ысқылау
әрекеті терінің жоғарғы қабатын жойып, жіңішке түктер тері бетіне шығады.
8
4203.000.4570.2.indd 8 27-04-10 11:23