User manual

Батареяларды алып тастауға немесе оларды қоспастан тікелей
тұйықтауға болмайды. Батареяларды оттан, қызудан және тікелей
күн сәулесі түсуінен сақтаңыз.
Басқа өндірушілердің бөлшектерін немесе қосымша
қондырғыларын, сондай-ақ Philips арнайы кеңес ретінде ұсынбаған
бөлшектерді қолдануға болмайды. Егер сіз сондай бөлшектерді
немесе қосымша қондырғыларды қолданған болсаңыз, онда сіздің
кепілдігіңіз өз күшін жоғалтады.
Бұл құрылғы тек үйде қолдануға арналған.
Егер ингредиенттер стакан немесе ұсақтағыш ыдысының жиегіне
жабысып жатса, құрылғыны өшіріп, оларды қалақша көмегімен
немесе біраз сұйықтық қосу арқылы ажыратып алыңыз.
Стакан немесе ұсақтағыш ыдысын ешқашан температурасы 80°C-
тан асатын ингредиенттермен толтырмаңыз.
Үздіксіз үш салымнан артық шайқауға болмайды. Шайқауды
жалғастырар алдында, құралды бөлме температурасына дейін
суытып алыңыз.
Шуыл деңгейі: қол блендері үшін Lc = 74,1 дБ [A]
Шуыл деңгейі: турағыш үшін Lc = 87,1 дБ [A]

Philips компаниясы шығарған бұл құралы электромагниттік өрістерге
(ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сай келеді. Дұрыс әрі осы
пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес қолданылса, қазіргі
кезде белгілі ғылыми дәлелдерге негізделе отырып құралды қолдану
қауіпсіз деуге болады.

Құрылғыда ішіне орнатылған қауіпсіздік жүйесі бар. Құрылғы тек қосу/
өшіру түймесін басқан кезде, қауіпсіздік түймесін басып ұстап
тұрсаңыз ғана жұмыс істейді. Құрылғы жұмыс істей бастаған кезде
ғана қауіпсіздік түймесін босатыңыз. Қосу/өшіру түймесін босатқан
бойдан қауіпсіздік жүйесі автоматты түрде өзінің өшіру күйіне қайта
келеді, сонда ол құрылғының абайсызда қосылуынан қорғайды. Қосу/
өшіру түймесін бассаңыз болды қауіпсіздік жүйесінің қосылғанын
көрсететін зарядтау жарығы қызыл болып жыпылықтайды.
-
-
-
-
-
-
-
-
78