operation manual


- Құралды қоспас бұрын, төменгі жағында көрсетілген кернеу
розетканың кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз.
- Егер штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзге бөлшектері
зақымданған болса, құралды пайдаланбаңыз.
- Ток сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны
тек Philips қызмет көрсету орталығында, Philips ұсынған қызмет
көрсету орталығында немесе тиісті білімі бар мамандар
алмастыру керек.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны
пайдалану нұсқауларынсыз, мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі,
сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдардың (соның ішінде
балалар) бұл құрылғыны қолдануына болмайды.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.

- Розеткаға қосар алдында, миксерге шайқағыштарды
немесе илейтін ілмектерді орнатып алыңыз.
- Құралды қоспас бұрын, шайқағыштарды немесе илейтін ілмектерді
ыдыстағы қоспаға салыңыз.
- Шайқағыштарды немесе илейтін ілмектерді шығарып, тазаламас
бұрын, міндетті түрде миксерді розеткадан ажыратыңыз.
- Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған.
- Philips арнайы ұсынған болмаса, Philips компаниясынан басқа
өндірушілер шығарған қосалқы құралдарды немесе бөлшектерді
қолдануға болмайды. Қолданған жағдайда, өнімнің кепілдігі өз
күшін жояды.
- Шу деңгейі: Lc = 77 дБ (A).

Бұл Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық
стандарттарға сәйкес келеді. Бүгінгі таңдағы ғылыми дәлелдерге
сәйкес, осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса,
құрал пайдалану үшін қауіпсіз деп есептеледі.
50