User manual


Құралды өз қызметін көрсетіп тозғаннан кейін, күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға
болмайды. Оның орнына бұл құралды арнайы жинап алатын жерге қайта өңдеу мақсатына
өткізіңіз. Сонда сіз қоршаған айналаны сақтауға себіңізді тигізесіз. (Cурет 13)

Егер сізге ақпарат керек болса, немесе сізде мәселе болса, Филипстің интернет бетіндегі
www.philips.com веб-сайтына хабарласыңыз, немесе өзіңіздің еліңіздегі Филипс Тұтынушылар
Орталығына телефон шалсаңыз болады (оның нөмерін сіз дүние жүзі бойынша берілетін
кепілдік кітапшасынан табасыз). Сіздің еліңізде Тұтынушылар Қамқорлық Орталығы жоқ болған
жағдайда өзіңіздің жергілікті Филипс дилеріне арызданыңыз, немесе Филипстің Үйге арналған
құралдар қызмет департаменті және Жеке Қамқор BV бөліміне арызданыңыз.

Бұл тармақ сіздің шырын сыққышыңызда болуы мүмкін кеңінен кездесетін мәселелерді атап
өтеді. Толық ақпарат алу үшін әр түрлі тармақтарды оқыңыз. Егер сіз мәселелеріңізді шеше
алмасаңыз, өзіңіздің еліңіздегі Philips Тұтынушылар Орталығына телефон шалсаңыз болады
(оның нөмірін сіз дүние жүзі бойынша берілетін кепілдік кітапшасынан табасыз). Сіздің еліңізде
Тұтынушылар Қамқорлық Орталығы жоқ болған жағдайда өзіңіздің жергілікті Philips дилеріне
арызданыңыз немесе Philips қызмет орталығына арызданыңыз.
Келелімәселе Шешім
Құрал жұмыс
жасамайды.
Құрал қауіпсіз жүйесімен қамтамасыз етілген. Егер оның бөлшектері
дұрыс орнатылмаған болса, ол жұмыс жасамайды. Құралдың
бөлшектері дұрыс қондырылғандығын тексеріңіз, алайда тексерер
алдында құралды тоқтан суырыңыз.
Мотордан алғашқы
бірнеше рет
қолданған кезінде
жаман иіс шығады.
Бұл әдеттегі нәрсе. Егер құрал бірнеше реттен кейін де жағымсыз иіс
шығаратын болса, онда өңдеп жатқан тағам мөлшерін және өңдеу
уақытын тексеріңіз. Құрал 2 минуттай жұмыс жасаған болса, оны
қайта қосар алдында екі минуттай суытып алыңыз.
Құрал өте қатты
дыбыс шығарады,
қолды тигізбейтіндей
ыстық, түтіндеп
жатыр, т.б.
Құралды өшіріп, тоқтан суырыңыз. Өзіңізге жақын орналасқан Philips
қызмет орталығына немесе диллеріне арызданыңыз.
Тор бітіп қалған
болар.
Құралды сөндіріңіз, тағам салғыш ауызын тазалаңыз, содан соң
кішірек мөлшерде өңдеңіз.
Тор тағам салғыш
ауызына тиіп тұр
немесе өңдеу
кезінде қатты
селкілдейді.
Құралды сөндіріп, тоқтан суырыңыз. Тордың қабық жинағышқа дұрыс
орнатылғандығын тексеріңіз. Тордың астындағы төбешіктер жетекші
валға тура келуі тиіс. Тордың зақымдалмағандығын тексеріңіз. Егер
тор шытынаса, сынса, немесе тор дискісі босап кеткен болса, не
болмаса басқа шеттен тыс нәрсе болса, құрал дұрыс жұмыс
жасамайды.
-
 33