Owner's manual
30
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін, өніміңізді www.philips.com/welcome
веб-торабында тіркеңіз.
Тоқ сымын сақтағыш
B Қосу/өшіру түймесі
C Мотор
D Қақпақ тиегі
E Жетекші вал
F Қабықтарды жинайтын контейнер
G Шырын стаканы (тек HR1823 үлгісінде)
H Ішіне көбік ажыратқыш орнатылған шырын стаканының қақпағы (тек HR1823 үлгісінде)
I Шүмек
J Қабық жинағыш
Тор
L Қақпақ
M Тағам салғыш ауыз
N Итергіш
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
- Моторды суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға болмайды, немесе кран астындағы сумен
шаюға да болмайды.
- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріп алыңыз.
- Егер штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзге бөлшектері зақымданған болса, құралды
пайдаланбаңыз.
- Ток сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек Philips қызмет көрсету
орталығында, Philips ұсынған қызмет көрсету орталығында немесе тиісті білімі бар
мамандар алмастыру керек.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану
нұсқауларынсыз, мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз
адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбау керек.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
- Құралды қадағалаусыз қосып қоюға болмайды.
- Сүзгіде сызаттар немесе басқа зақым байқалса, құралды әрі қарай қолдануға болмайды.
Жақын жердегі Philips қызмет орталығымен байланысыңыз.
- Құрал жұмыс жасап тұрған кезде, еш уақытта азық салатын түтікке саусақтарыңызды немесе
басқа затты салмаңыз. Ол үшін итергішті ғана қолданыңыз.
- Пышақтарды тазалап жатқанда оларды ұстамаңыз, олар өте өткір болады.
- Ұлпа жинағыштың ұлпаны шығаратын тесігі арқылы торды ұстамаңыз.
- Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған.