User manual

Қатты ингредиенттерді блендер банкісіне салар алдында, оларды кішкене бөліктерге
бөліңіз. Қатты ингредиенттерді шайқап жатқанда бірден көп мөлшерін шайқамаңыз. Оның
орнына, ол ингредиенттерді бірнеше кішкене топтама ретінде шайқаңыз.
Қатты ингредиенттерді шайқаған нәтижесімен қанағаттанбасаңыз, блендерді сөндіріп, оны
жақсылап жүру үшін бірнеше рет пульс бағдарламасын қолданыңыз. Сонымен қатар,
күрекшені қолданып, ингредиенттерді арластырсаңыз болады (тек блендер жұмыс жасап
тұрғанда емес!) немесе банкідегі құрамының біразын алып тастап, кішірек мөлшерін
шайқасаңыз болады.
Мұз кесектерін сындыру үшін, ең көп дегенде 5 кесек қана салып, мұз түймесін бірнеше
рет басыңыз.
Тек HR2074 түрінде ғана: Банкі шыныдан жасалғандықтан, сынып қалуы мүмкін. Банкіні
қатты еденге түсіріп алмаңыз. Өте қатты термо-тандырмалардан да сақ болыңыз. Егер банкі
тым суық болса, оған ыстық сұйықтық құяр алдында, оны жақсылап жылы сумен шайып
жіберіңіз. Егер банкі шытынаған болса, онымен қолданбаңыз.

HR2061: Сіз өзіңіздің Philips диллерінен фильтірге тапсырыс бере аласыз.
Сіз фильтірдің көмегімен қосымша тамаша шайқалған соус, қунақы жеміс жидек шырынын
немесе коктейльдер жасай аласыз. Барлық дәнектер мен қабықтары фильтірде ұсталып қалады.
Фильтірді ешқашан оның темір бөлігінен артық етіп толтырмаңыз.
Фильтірді ыстық ингредиенттерді шайқауға қолдануға болмайды.

1 Фильтірді блендер банкісіне орнатыңыз (Cурет 8).
Фильтірдің банкі төмен жағында дұрыс орнатылғандығын тексеріңіз.
Фильтірдегі тесікшелер мен блендер банкісінің ішкі жағындағы қабырғалар фильтірді дұрыс
орнатуға көмектеседі.
2 Тек HR2067/HR2066/HR2064 түрлерінде ғана: қақпақты жабыңыз.
3 Тек HR2074 түрі: фильтірді дұрыс орнату үшін, қақпақты блендер банкісіне қойыңыз.
Қақпақты банкі үстінен басып тұрып, оны бұрау арқылы бекітіңіз (Cурет 9).
Қақпақтағы тор банкінің мойнына қарсы орнында екендігін тексеріңіз, сонда сіз сұйықтықтарды
құйып алатын боласыз.

1 Ингредиенттерді қақпақтың аузы арқылы фильтірге салыңыз.
Жеміс жидектерді кішкене бөліктерге кесіңіз және соя атбас бұршақтары секілді кептірілген
бұршақтарды фильтірмен шайқау алдында суға жібітіп алыңыз.
2 Су немесе басқа сұйықтық қосыңыз.
3 Өлшеуіш ыдысты қақпаққа орнатып, бақылау түймесін ең жоғарғы жылдамдыққа қойып,
құралды 40 секундтай жұмыс жасатыңыз.
4 Құралды сөндіріңіз. Блендер банкісінің мойнынан ішімдігіңізді құйып алыңыз (Cурет 10).
Қақпағы жабық екендігін әрі өлшеуіш ыдыстың қақпақта орнатылғандығын тексеріңіз. Бұл сіздің
ішімдігіңізге дәнектердің және қабықтардың түсіп кетуінен сақтайды.
5 Тиімді нәтиже үшін, қалған ингредиенттері бар банкіні құралға қайта қойып, қақпағын
ашпастан, оны тағы бірнеше секунд жұмыс жасатыңыз.
6 Қалған ішімдігіңізді құйып алыңыз.
-
-
-
 59