User manual


Әсіресе көп мөлшерде шайқап жатқанда, барлық ингредиенттерді бірден фильтірге
салмаңыз деп кеңес береміз. Кішкене мөлшерден бастап шайқаңыз, құралды біраз жұмыс
жасатып, оны тоқтатып, содан соң келесі кішкене мөлшерді салыңыз.
Жеміс жидек шырынын немесе коктейль жасап жатқанда ең тиімді нәтижеге жету үшін,
150 гр жеміс жидекке, шамамен 300 мл су (немесе басқа сұйықтық, мысалы, коктейль жасап
жатқан болсаңыз) қосыңыз.
Қызанақ шырынын жасау үшін, қызанақты төртке бөліп, айналып жатқан пышақтың үстіне
қақпақтың аузынан салыңыз.

Ұсатқышты бұрыш дәнегі, құнжыт дәнектері, күріш, бидай, кокос жұмсағын, жаңғақ
(тазартылған), кофе бұршақтары, соя бұршақтары, кептірілген бұршақ, ірімшік, нан жұмсағы
және т.б тәріздес ингредиенттерді тек мыжу және кесу мақсатымен ғана қолдану керек.
Қалампыр, жұлдызды бәден және бәден дәнектерін әрдайым басқа ингредиенттермен бірге
шайқаңыз. Егер оларды бөлек шайқасаңыз, олар құралдың пластик материалдарына зақым
келтіруіі мүмкін.
Ұсатқыш өте қатты ингредиенттер үшін жарамайды, мысалы мускатты жаңғақ немесе мұз
кесектері.
Ұсатқыш ыдысында көрсетілген максимум деңгейінен аспаңыз.

1 Ингредиенттерді ұсатқыш ыдысына салыңыз (Cурет 11).
Ескертпе: Дұрыс мөлшер мен өңдеу уақытын таңдау үшін, төменде берілген кестені қараңыз.
2 Ұсатқыш пышақты ұсатқыш ыдысқа сағат бағытымен бұрап орнатыңыз (Cурет 12).
3 Жиналған ұсатқышты төңкеріп, элктроқозғалтқыш блогіне сағат бағыты бойынша бұрап
орнатыңыз (Cурет 13).

1 Біз сізге пульс бағдарламасын немесе 5 жылдамдық бағдарламасын қолданыңыз деп
кеңес береміз.
Ұсатқышты 30 секундтан артық тоқтаусыз жұмыс жасатуға болмайды.


1 Цитрус сыққышының механизм бөлігін шырын ыдысының (1) түбіне қойып, оны сағат
бағытында, орнына сырт етіп түскенше, бұраңыз (2) (Cурет 14).
2 Шырын ыдысына торды қойыңыз. Оны төмен қарай басып (1), орнына сырт етіп
түскенше, сағат бағытында бұраңыз (2) (Cурет 15).
3 Конусты тордың ортасындағы жүргізуші белдікке қойыңыз (Cурет 16).
4 Цитрус сыққышын электроқозғалтқыш блогіне сағат бағытында, орнына сырт етіп
түскенше бұрап, орнатыңыз. (Cурет 17)

1 Алдымен бақылау түймесін 1 жылдамдыққа қойып, содан соң цитрус сыққышын
конусқа басыңыз.
-
-
-
60